
Жоба-2021
Ақбөкендерді
қамқорлығымызға алайық!
Киік - Қызыл кітапқа енген ерекше ежелгі жануар.
2021 жылғы деректер бойынша Қазақстанда киіктер саны
800 мыңнан асқан.
Интерактивті картаны
шолып өтіңіз!
Осылайша сіз киіктер және Kinder® мен WWF ұйымдарының оларға жасайтын қамқорлығы туралы көбірек білетін боласыз.


Керемет!
Талпынысыңыз тамаша!
Ақбөкендер туралы қызықты деректермен әбден танысып, біліміңізді тағы сынап көріңіз

Kinder® және WWF жұмысының бағыттары
Экспедициялық жұмыстар барысында киіктердің биологиялық тіршілік ету орындарын тіркеу және олар анықталған жағдайда жекелеген аудандарда қосымша визуалды бақылау жүргізу қажет. Екі маусымдық экспедиция жолының әрқайсысының шамамен ұзақтығы – 2500 км - 10 күн.
Киіктердің топтасып мекендейтін орындары анықталған жағдайда, құдықтардың орналасқан жерлерін анықтау үшін Іле-Балқаш резерватының күзет қызметі аумақты қосымша тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.
"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында бұл жобаны Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры өз қолына алып, оны іске асыру үшін кордон (орман күзетшісінің бекеті) тұрғызылып, резерваттың күзет қызметіне көмек көрсетіледі (бензин, тамақ жеткізіледі) және резерват аумағындағы суаттар есепке алынып, тексеріледі. Сондай-ақ төңіректегі ауылдардың тұрғындарымен жұмыс жүргізілуде.