ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

Осы Ережелерде өзгеше тура жазылмаған болса, оларда қолданылатын, бас әріппен жазылатын терминдер мен анықтамалар келесідей түсіндірілетін болады: 

 

Акция – «Kinder-ден жаңа жылдық ғажайыптар әлемі» имидждік-жарнамалық акциясы, мақсаты «Kinder Seasonal» сауда белгілері бар өнімдерге қызығушылықты қалыптастыру және қолдау болып табылатын іс-шара. 

  • Акцияның ұйымдастырушысы мен Тапсырыс берушісі:
  • Акцияның Тапсырыс берушісі — «Ферреро Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН 130140009072, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғ., 192/2-үй, 5-қабат).
  • Акцияның ұйымдастырушысы — «FCBARTGROUP-ALMATY (ЭфСиБиАртГрупп-Алматы)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН 181140027022, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төлебаев к-сі, 114А үй, 19-т.е.ү.) («Ұйымдастырушы»), Тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша әрекет етеді.
  • Ережелер – осы Акцияның ережелері.
  • Акция жүлделері – Ережелердің 2.1-тармағында көрсетілген жүлделер.
  • Ұтыс ойындарының жеңімпаздары (Жеңімпаздар) – қатысу және ұтыс ойындарын өткізу нәтижесінде Акцияның Жүлделерін алу құқығына ие болған адамдар.
  • Акцияға Қатысушы(-лар) – кәмелет жасына жеткен (18 (он сегіз) жасқа толған), ҚР аумағында тұратын, Ережелерде көзделген барлық іс-әрекеттерді тиісінше орындаған Қазақстан Республикасының (ҚР) барлық азаматтары және ҚР аумағында тұруға ықтияр хаты бар шетелдік азаматтар.
  • Акцияның телеграм-боты – https://t.me/Kinder_NewYear_KZ_bot
  • Акцияның Instagram-аккаунты – @kinder_kz_official
  • Веб-сайт - https://www.kinder.com/kz/ru/xp/kseasonalpromo/ 

АКЦИЯ ӨТКІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ

  1. Акция телеграм-ботта өткізіледі. Акцияға телеграм-ботта ұсынылған әрекеттерді орындаған тұтынушылар қатысады. Акция лотерея емес. Акция төменде жазылған Ережелер бойынша, Қатысушылардың алдын ала біліктілігін қажет етпейтін, көпшілікке арналған ашық ынталандырушы имидждік-жарнамалық іс-шара ретінде өткізіледі.
  2. Акция өткізудің жалпы мерзімдері: 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 19 қаңтарға дейін (бұдан әрі мәтін бойынша барлық күндер, күн мен уақыт Астана қ. уақытымен көрсетіледі). 
  3. Ережелердің тәртібімен және Ережелерге сәйкес Акцияны өткізу кезеңі: 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 19 қаңтарға дейін (ұтыс ойындарына қатысуға фотосуреттер 2026 ж. 19 қаңтар сағат 23:59-ға дейін қабылданады).
  4. Жүлделердің ұтыс ойынын өткізу және Жеңімпаздарды жариялау кезеңі – бас жүлделер 2026 жылғы 19 қаңтарда ойнатылады. 
  5. Акция Жүлделерін осы Ережелерге сәйкес анықталған алушыларына ұсынудың жалпы мерзімі: 2026 жылғы 27 ақпанға дейін. 
  6. Ұйымдастырушыға тәуелді емес жағдайлар (соның ішінде ҚР заңнамасына сәйкес түсіндірілгендей форс-мажор жағдайлары) туындаған кезде, Тапсырыс беруші/Ұйымдастырушы Ережелерге өзгерістер енгізу арқылы және Қатысушыларды Ережелерде белгіленген тәртіппен хабардар ету арқылы Акция өткізілетін күндерді, Акция Жүлделерінің ұтыс ойындарын және/немесе Акция нәтижелерін жариялау күндерін өзгертуі/ауыстыруы мүмкін.
  7. Акция өткізілетін аумақ – Қазақстан Республикасы (ҚР). 

 

АКЦИЯ ЖҮЛДЕЛЕРІ

АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

  1. Акцияға Ережелердің талаптарына сай келетін және Ережелерде көзделген іс-әрекеттерді орындаған Қатысушылар қатысуға құқылы. Акцияға кәмелетке толмаған тұлғалар, Ұйымдастырушының, Тапсырыс берушінің, олардың үлестес тұлғаларының жұмыскерлері мен уәкілетті өкілдері, сондай-ақ осындай жұмыскерлер мен өкілдердің отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияның ұйымдастырылуына және/немесе өткізілуіне тікелей қатысы бар басқа да тұлғалардың жұмыскерлері мен өкілдері, олардың отбасы мүшелері (Акция Ережелерінің мақсаттары үшін отбасы болып барлық туысқандық деңгейіндегі туыстар түсініледі), сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар мен ҚР-да тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдік азаматтар ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ.
    1. Акцияға Қатысушы Акция Ұйымдастырушысынан Акция Ережелеріне сәйкес Акция, Жүлделердің ұтыс ойыны туралы ақпарат алуды талап етуге құқылы.
    2. Қатысушылар Акция Ережелерінде белгіленген мерзімде Акцияға қатысуға және Жүлделерді алуға байланысты барлық әрекеттерді орындауға міндетті.
    3. Ұйымдастырушы Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ ЖСН сұрату және тексеру құқығын сақтап қалады.
    4. Акцияға қатыса отырып, Акция телеграм-ботында қажетті әрекеттерді орындаған Қатысушы осы арқылы Ережелермен танысқанын және оның шарттарымен келісетінін растайды.
    5. Акцияны өткізу мақсатында Ұйымдастырушыға Қатысушылар туралы ақпарат, соның ішінде Акция Қатысушыларының дербес деректері қажет. Акцияға Қатысушылар Ережелерде көрсетілген тәртіпте нақты және өзекті (анық) деректерді көрсетуге міндеттенеді. Акция Ұйымдастырушысы Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа кезде, Акция Қатысушысынан алынған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқылы болмайды. Қатысушылар ерікті түрде берген кез келген ақпаратты, соның ішінде дербес деректерді Ұйымдастырушы, оның уәкілетті өкілдері және/немесе жарнамалық агенттіктер тек Акцияны өткізумен байланысты мақсаттарда пайдалана алады. .
    6. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, Акцияның — Жүлделердің ұтыс ойыны рандомайзердің кездейсоқ таңдауына байланысты болатынын ынталандырушы іс-шара екенін анық және айқын түсінеді. Сәйкесінше барлық Қатысушылар бірдей Жеңімпаз бола алмайды.
    7. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы «Kinder Seasonal» тауар белгілеріне қатысты пайдалану, атау немесе кез келген өзге әрекеттерді жасау құқықтарына ие болмайды. 

АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ

  1.  Акция Қатысушысы болу үшін Акция өткізілетін кезеңде келесі әрекеттерді орындау қажет: 
  • Телеграм-ботта тіркелу; 
  • Kinder Seasonal» өнімін сатып алған чектердің фотосуреттерін жүктеу; 

 

Қатысушы Телеграм-ботқа шексіз фотосуреттерді жүктеуге құқылы. Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтағанда, Қатысушы жүктеген чектер фотосуреттерінің саны есепке алынады. Қатысушы ұтыс ойынының Жеңімпазы болған жағдайда, мұндай Қатысушының келесі ұтыс ойындарына қатысуға құқығы жоқ.Әр қатысушы тек бір рет ұтыс ойынының жеңімпазы бола алады.  

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР

  1. Акцияға қатысу фактісі Ережелерге сәйкес Қатысушының Ережелермен келісетіндігін, сондай-ақ Қатысушының Акция Ұйымдастырушысының және Ұйымдастырушы Акцияны өткізу үшін тартқан басқа серіктестердің (бұдан әрі «басқа серіктестер») Қатысушы Акция мақсаттарында ерікті түрде ұсынған дербес деректерді Акцияны өткізу мақсатында қажет болатын кез келген тәсілмен, Ережелерде көзделген тәртіпте және мерзімде, Ережелерге және ҚР заңнамасына сәйкес өңдеуіне және таратуына еркін, нақты, жетік және саналы түрде келісім білдіретінін растайды.
    1. Қатысушы Акцияға қатысу туралы шешім қабылдай отырып, осы арқылы өзі ерікті түрде ұсынған кез келген ақпаратты, соның ішінде Қатысушының дербес деректерін, сондай-ақҚатысушы Акцияның Телеграм-боты арқылы және/немесе басқа коммуникация тәсілдері арқылы ұсынған кез келген басқа материалдардағы ақпаратты Ұйымдастырушының, оның уәкілетті өкілдерінің (серіктестердің) Ұйымдастырушының Ережелерге сәйкес міндеттемелерін орындауы мақсатында, Қатысушының қосымша келісімін алмастан және оған бұл үшін қандай да бір ақы төлеместен, өңдей және тарата алатындығымен келісетінін растайды. Қатысушылар өздері Акцияға қатысу үшін көрсеткен дербес деректерді Ұйымдастырушының (серіктестердің) Акцияны өткізу мақсатында барлық заңды және қажетті тәсілдермен өңдейтінін және тарататынын түсінеді және бұған келіседі, сондай-ақ, жоғарыда қарастырылғандай, Ережелерді қабылдау кезінде дербес деректердің осылай басқарылуына келісімін береді.
    2. Қатысушылар Акция мақсаттары үшін ұсынылатын дербес деректер Ұйымдастырушыға (Операторға, басқа серіктестерге) Акция мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті дербес деректерге қатысты кез келген іс-қимылдарды жүзеге асыруға берілетінін түсінеді және келіседі, оның ішінде (шектеусіз): жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату, блоктау, жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, дербес деректермен кез келген өзге әрекеттерді жасау. Қатысушы Акцияға қатысу үшін көрсеткен немесе басқа тәсілмен ұсынған дербес деректерді Ұйымдастырушы (Оператор, басқа серіктестер) Акцияны өткізу мақсатында барлық қажет тәсілдермен өңдейтінін түсінеді және оған келіседі.
    3. Ережелердің мақсатына сәйкес дербес деректер деген айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) тікелей немесе жанама түрде қатысты кез келген ақпаратты, соның ішінде мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және/немесе өзге де материалдық тасымалдағышта тiркелген мәліметтерді білдіреді.
    4. Жиналған барлық дербес деректер тек аталмыш промо-науқан шеңберінде пайдаланылады және үшінші тұлғаларға берілмейді, тек Ұйымдастырушының өкілеттігі аясында Акцияны ұйымдастыру және өткізуге қатысатын тұлғаларға ғана берілуі мүмкін (оның ішінде жарнамалық агенттіктер, Telegram-ботты әзірлеуге жауапты компания, жүлделерді жеткізу қызметтері, колл-орталық операторлары және басқа уәкілетті серіктестер). 
      Аталған тұлғалар дербес деректерді тек Акцияны ұйымдастыру және өткізуге байланысты мақсаттарда өңдейді және аталмыш ақпараттың құпиялылығы мен қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге міндетті.
    5. Акция аяқталғаннан кейін боттың техникалық қолдауын қамтамасыз ететін агенттік барлық жиналған деректерді өз серверлерінен толық жояды және оларды кез келген түрде сақтамайды. Қатысушыларға Telegram платформасында ботпен жүргізілген барлық жазбаларды өз бетінше жою ұсынылады, бұл деректердің хабарламалар тарихында сақталуын толықтай болдырмауға мүмкіндік береді. 

 

5.7. Акцияға қатысу мақсатында Қатысушылар Ұйымдастырушыға дербес деректерді өз бетінше береді, соның ішінде: 

  • аты,
  • тегі,
  • телефон нөмірі

Ұйымдастырушы толық тегі мен толық телефон нөмірін көпшілікке жария етпейді. 

5.7.1. 5.7-тармақта көрсетілген деректерді Қатысушылар Акцияға қатысу сауалнамасын толтыру кезінде ерікті түрде ұсынады және Ұйымдастырушы оларды тек мына мақсаттарда пайдаланады: 

  • Қатысушылардың деректер базасын қалыптастыру;
  • Ұтып алу туралы ақпарат беру және Жүлделер табыстауды ұйымдастыру үшін Жеңімпаздармен байланысу; 

5.7.2. Акция қорытындылары туралы хабардар ету және оны өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Ұйымдастырушы жеңімпаздар туралы ақпаратты ашық қолжетімділікте, оның ішінде ұйымдастырушының @kinder_kz_official Instagram-аккаунтында және/немесе өзге де жария дереккөздерде жариялауға құқылы. Бұл ретте басылымда Жеңімпазды қатысушыныңөзі ғана анықтауға мүмкіндік беретіндей етіп, толық емес дербес деректер пайдаланылатын болады, атап айтқанда: 

  • Аты;
  • тегінің бірінші әрпі;
  • жартылай жасырылған, толық емес телефон нөмірі. 

5.7.3. Бас жүлдені ұтып алған жағдайда, Ұйымдастырушы Жеңімпаздан мынадай қосымша дербес деректерді сұратуға құқылы: 

  • жеке басын куәландыратын құжат (түрі, сериясы, нөмірі, берілген күні, берген орган);
  • жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
  • тұратын қаласы немесе басқа елді мекені. 

Деректер Жеңімпазды сәйкестендіру және ұтыс сомасынан жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу және ұстап қалу жөніндегі міндеттерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындау үшін ғана көрсетіледі. 

 

5.8. Дербес деректерді 21.05.2013 ж. № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңында қарастырылған қағидаттар мен ережелерді сақтай отырып, Акция Ұйымдастырушысы және Акция Ұйымдастырушысының тапсырмасы/тапсырысы бойынша әрекет ететін басқа серіктестер өңдейді. 

5.9. Қатысушылар тек өздерінің дербес деректерін көрсетеді және үшінші тұлғалардың деректерін ұсынбайды. 
Мұндай жағдайларда Қатысушылар көрсетілген тұлғалардың дербес деректерін Ұйымдастырушыға беру және өңдеуге келісімі бар екенін растайды және аталған келісімнің болмауы жағдайында осы тұлғалардың құқықтарының бұзылуына байланысты толық жауапкершілікті өз мойнына алады. 

 

5.11. Ұйымдастырушы және Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін серіктестер дербес деректерді рұқсатсыз алудан қорғайтын қажетті шараларға кепілдік береді. Ұйымдастырушы және Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін серіктестер ҚР заңнамасына сәйкес және Ережелерде көрсетілген кепілдіктерді сақтай отырып, Қатысушылар Акцияға қатысу мақсатында мәлімдеген барлық дербес деректерді сақтайды және өңдейді. 

5.10. Ұйымдастырушы және Ұйымдастырушының тапсырмасы/тапсырысы бойынша әрекет ететін серіктестер төмендегі ережелерді сақтауға міндеттенеді және Қатысушыға дербес деректерді өңдеуге қатысты төмендегі кепілдіктерді береді: 

  • дербес деректерді қорғау саласындағы ҚР заңнамасының барлық қолданыстағы талаптарын сақтай отырып, соның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңда белгіленген қағидаттарды, талаптарды, дербес деректер Ұйымдастырушының міндеттемелерін сақтай отырып, дербес деректердің өңделуін қамтамасыз ету;
  • Қатысушылардың дербес деректерін, соның ішінде Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісі арқылы жинаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және жүзеге асыру, сондай-ақ ҚР аумағындағы дерекқорларды пайдалана отырып, Қатысушылардың дербес деректерін жазуды, жүйеге келтіруді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды қамтамасыз ету. 

5.12. Осы арқылы Қатысушылар Акция мақсатында жиналатын және өңделетін дербес деректердің орналасқан жері туралы хабардар етілген болып есептеледі: 

  • дербес деректерді Акцияны өткізу мақсатында және көлемінде ғана өңдеу. ;
  • - Ұйымдастырушы Қатысушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындау мақсатында Қатысушылардың дербес деректерін үшінші тұлғаларға беруге немесе басқалай ашуға тиіс болса, аталмыш әрекеттерді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның талаптарын сақтай отырып жүзеге асыру;
  • Қатысушылардың дербес деректерін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес өңдеу кезінде оларды қорғау және қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік көтеру.
  • Ережелерде көрсетілген дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға Қатысушының келісімі Акцияны өткізудің бүкіл мерзімі ішінде қолданылады. 

5.13. Акцияға қатысуды Қатысушының Ұйымдастырушыға немесе Ұйымдастырушының басқа серіктесіне Акцияны жүргізу мақстатарында дербес деректерді жинау және өңдеуге келісім бергенін растайды. Ұйымдастырушы және Ұйымдастырушының басқа серіктестері дербес деректердің құпиялылығын сақтауға және дербес деректерді өңдеу кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті, сондай-ақ деректерді өңдейтін автоматтандырылған құралдарды қолдана отырып, дербес деректерді рұқсатсыз таратудан қорғайтын қажетті шараларға кепілдік береді. Қатысушылар Акция мақсаттарында мәлімдеген барлық дербес деректерді Ұйымдастырушы және басқа серіктестер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтайды және өңдейді. 

5.14. Қатысушының дербес деректерді өңдеуге берілген келісімін кері қайтарып алу туралы хабарламасын алғаннан кейін Ұйымдастырушы оларды өңдеуді тоқтатуға және Ұйымдастырушының тапсырмасы/тапсырысы бойынша әрекет ететін тұлғаның, басқа серіктестердің осындай өңдеуді тоқтатуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Акция мақсаттарында дербес деректерді сақтау алдағы уақытта қажет болмайтын болса, Ұйымдастырушы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңында немесе ҚР басқа заңдарында көзделген негіздерде дербес деректер субъектісінің келісімінсіз дербес деректерді өңдеуге құқылы болатын жағдайлардан басқасында, аталмыш кері қайтару келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде дербес деректерді жоюға немесе олардың жойылуын қамтамасыз етуге (дербес деректерді Акция Ұйымдастырушысының тапсырмасы/тапсырысы бойынша әрекет ететін басқа тұлға өңдесе) міндетті. 

КЦИЯ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

Акция ұтыс ойындарының Жеңімпаздарын анықтау:  

  1. Жүлделердің ұтыс ойынын өткізу кезеңінде Акцияның барлық 72 (жетпіс екі) Жүлдесінің жеңімпаздары анықталады. Ұтыс ойынын Акция Ұйымдастырушысы Акцияның шарттарын орындаған Қатысушылар арасында жүктелген өнімдерді сатып алу чектері фотосуреттерінің санын есептеу арқылы ұтқан Қатысушыны айқындайтын арнайы компьютерлік бағдарлама – рандомайзерді пайдалану арқылы өткізеді.
    1. Жүлделердің ұтыс ойыны кезінде Акция Ұйымдастырушысы үміткерлер осы Ережелердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және/немесе Акция Ұйымдастырушысы ұтыс ойынының Жеңімпазымен хабарласа алмаған жағдайда, Жеңімпазды ауыстыру мүмкіндігі болуы үшін Жүлделердің Ұтыс ойынының 72 (жетпіс екі) қосалқы Жеңімпазын анықтау құқығын өзіне қалдырады. Алайда Акция Ұйымдастырушысы осындай қосалқы (баламалы) Жеңімпаздар тізіміне енген Қатысушылардың аты-жөндерін ашуға міндетті болмайды.
    2. Жүлделер санын және қосалқы Жеңімпаздарды бөлу: Акция Қатысушысы бүкіл Акция кезеңінде көп дегенде 1 (бір) рет Акция Жүлделерінің ұтыс ойынында Жеңімпаз болып жариялана алады.
    3. Барлық талаптарды орындамаған және/немесе Ережелердің шарттарын дұрыс орындамаған Акция Қатысушылары Акцияның Жүлделерін алуға жіберілмейді.
    4. Акция Ұйымдастырушыларының Акция Жүлделерін алу құқығына қатысты шешімдері түпкілікті болып табылады және төмендегі жағдайларды қоспағанда, қайта қаралмайды:
  • Ұйымдастырушының осындай нәтижелер жарияланғаннан кейін Жеңімпаздар деп жарияланған тұлғалардың Акция барысында тәртіп пен Ережелерді бұзуға жол бергендігін анықтауы.  

6.2. Ұйымдастырушы Жеңімпаздардың тәртіп пен Ережелерді бұзуға жол бергендігін анықтаған жағдайда; 

  • Жеңімпаздың Жүлдені алудан ерікті түрде бас тартуы.
  • 6.3. Акция Қатысушысы келесі жағдайларда, көрсетілген жағдайлардың қай уақытта белгілі болғанына қарамастан, қандай да бір өтемақысыз, оның ішінде ақшалай өтемақысыз тиісті Жүлдені алу құқығынан айырылады:  

Акция Қатысушысы оған тиісті Жүлде табысталмай тұрып Ережелерді бұзушы деп танылды; 

  • Акцияға қатысушы электрондық байланыс құралдарының көмегімен ауызша немесе жазбаша түрде тиісті Жүлдені алудан бас тартқаны туралы мәлімдейді;
  • Акция Қатысушысын анықтау мүмкін болмаған жағдайда;
  • егер Ұйымдастырушыда Қатысушының іс әрекетінде алаяқтық белгілер бар деген күдік туындаса;
  • Қатысушы Ережелермен немесе ҚР заңнамасымен тыйым салынған кез келген іс-әрекет түрлерін жасаса;
  • Ережелер мен ҚР заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда. 

АКЦИЯ ҰТЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ХАБАРДАР ЕТУ ТӘРТІБІ

. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін, Акцияның жүлде ұтқан Қатысушысы оның көрсетілген нөмірі бойынша телефонмен қоңырау шалу арқылы хабардар етіледі. Жеңімпаз 3 (үш) жұмыс күні ішінде қоңырауға жауап бермеген жағдайда немесе Акция Ұйымдастырушысына байланысты емес техникалық сипаттағы кез келген басқа себептер болғанда, Жеңімпаз Жүлдені алу құқығын жоғалтады. 3 (үш) жұмыс күні өткен соң, Жеңімпаз анықталғанша қосалқы жеңімпаздар қатарынан Ұтыс ойынының келесі Жеңімпазына ұқсас тәсілмен хабарласу жүзеге асырылады. 

7.1. Жеңімпаздар туралы ақпарат @kinder_kz_official ресми Instagram-аккаунтында сторис форматында, сондай-ақ  https://t.me/Kinder_NewYear_KZ_bot. Telegram-ботында жарияланады.  
Бұл ретте осы Ережелердің 5.6.2-тармағына сәйкес басылымдарда тек толық емес дербес деректер пайдаланылады, атап айтқанда: 

  • қатысушының аты;
  • тегінің бірінші әрпі;
  • жартылай жасырылған , толық емес телефон нөмірі. 

7. Қатысушылардың аккаунттары, олардың толық тегі немесе толық телефон нөмірі жарияланбайды. Қатысушылар Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелеріне және Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасына сәйкес өздерінің дербес деректерін таратуға өз келісімдерін береді.  

Акция Жүлделерінің ұтыс ойынының нәтижелері туралы ақпарат ұтыс ойындары өткізілгеннен кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде жарияланады. Жеңімпаз Жүлдені Ережелердің 8-бөлімінде белгіленген мерзімде, талаптарға сәйкес ала алады. 

  1. Егер Акцияға Қатысушының аккаунты @kinder_kz_official аккаунтының Сторисінде және https://t.me/Kinder_NewYear_KZ_bot Телеграм-ботында жарияланса, бірақ Ұйымдастырушы Ұтыс ойынының Жеңімпаздары анықталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жеңімпазбен байланыспаған жағдайда, Жеңімпаз @kinder_kz_official Instagram-аккаунтына директке хабарлама жіберу арқылы Ұйымдастырушымен байланыса алады. 

АКЦИЯ ЖҮЛДЕЛЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

Акцияға Қатысушы Жеңімпаз деп танылған жағдайда, Ұйымдастырушы Қатысушыға көрсетілген телефон нөміріне телефон қоңырауын жасаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүлдені алу үшін қосымша ақпарат беру үшін телефон арқылы Ұйымдастырушыға өзінің электрондық поштасының деректерін ұсыну қажет. 

  1. Акцияның Ұйымдастырушысы Жүлдені табыстау үшін келесі деректерді нақтылау үшін Жеңімпазбен телефонмен қоңырау шалу немесе электрондық хабарлама арқылы байланысады, атап айтқанда: ТАӘ, жеткізу мекенжайы.  

8. Бас жүлдені жеңіп алған жағдайда, Акцияны Ұйымдастырушы Жеңімпаздан келесі деректерді қосымша нақтылайды: жеке басын куәландыратын құжат (түрі, сериясы, нөмірі, берілген күні, берген органның атауы), ЖСН. 

  1. Акция Ұйымдастырушы Ереженің 1.2.3-тармағында көрсетілген кезеңде Жүлдені Ұйымдастырушының таңдауы бойынша курьерлік қызмет немесе жеткізу қызметі арқылы Жеңімпазға жібереді. 
  2. Жеңімпаздың Жүлдені алу мерзімі мен уақыты Ұйымдастырушы Жүлдені жеткізу үшін пайдаланған курьерлік қызмет немесе жеткізу қызметі белгілеген мерзімдерге және Жеңімпаздың мекенжайына байланысты.
  3. Жеткізу жүзеге асырылатын қалалар тізімі: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Семей, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған, Орал, Өскемен, Жезқазған. 
  4. Ереженің 8.5-тармақшасына сай қалалардың тізіміне енбейтін жеткізу мекенжайын көрсеткен Жеңімпазға Жүлдені табыстау үшін 8.5. Жүлде Жеңімпаз көрсеткен жеткізу мекенжайына жақын жердегі ең жақын елді мекендегі пошта бөлімшесіне дейін жеткізіледі, бұл туралы Акция Ұйымдастырушысы Жеңімпазды телефон байланысы және/немесе электрондық пошта арқылы қосымша хабардар етеді. Мұндай жағдайда Жеңімпаз ең жақын елді мекендегі пошта бөлімшесінде Жүлдені алу бойынша барлық қажетті әрекеттерді өздігінен жүзеге асыруға міндеттенеді. Бұл жағдайда Акция Ұйымдастырушысы Жеңімпаздың Жүлдені уақтылы алуы үшін жауапкершілік атқармайды.
  5. Жеңімпаз нақты жеткізу мекенжайын дұрыс көрсетпеген немесе көрсетілген мекенжайда болмаған жағдайда, Ұйымдастырушы Жүлденің Жеңімпазға жеткізілуі үшін жауапкершілік алмайды.
  6. Жеңімпаз Жүлдені алу кезінде жеке куәліктерінің көшірмесін ұсынуға және Жүлдені қабылдау-өткізу актісіне қол қоюға міндеттенеді.  

ЖАУАПКЕРШІЛІК 

Акция Қатысушысы Ережелерде көрсетілген міндеттерін бұзып, бұл Ұйымдастырушыда және/немесе Тапсырыс берушіде залалдардың туындауына алып келген жағдайда, Акция Қатысушысы осындай залалдарды толық көлемде өтеуге міндетті.  

  1. Тапсырыс беруші, Ұйымдастырушы, сондай-ақ Акция Тапсырыс берушісі Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге уәкілеттік берген тұлғалар Ұйымдастырушының байланыс желісінің немесе Қатысушының компьютері/мобильді телефоны немесе Телеграм қолданбасы қосылған интернет-провайдердің техникалық іркілістері; Қатысушының компьютері/мобильді телефоны қосылған байланыс Ұйымдастырушысының әрекеттері/әрекетсіздігі үшін жауапкершілік алмайды.
    1. Ұйымдастырушы Акция Қатысушысының қате деп танылған әрекеттерінің/әрекетсіздігінің қандай да бір салдары, соның ішінде (басқаларын есептемегенде) Акция Қатысушысы келтірген залалдар үшін жауап бермейді.
    2. Ұйымдастырушы талап етілмеген Жүлделерді өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
    3. Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші:
    4. Қатысушылардың Акцияға қатысуға байланысты міндеттерді орындамағаны/уақтылы орындамағаны үшін;
    5. Қатысушылардан хаттарды, телефон қоңырауын және/немесе электрондық хабарламаларды, соның ішінде почта қызметінің, байланыс ұйымдарының кінәсінен, Интернет желісіндегі техникалық проблемалар және/немесе алаяқтық және/немесе Акцияны өткізу кезінде пайдаланылатын байланыс арналары нәтижесінде алмағаны үшін;
    6. Қатысушылардан Жүлделерді алу үшін қажетті құжаттарды және/немесе мәліметтерді алмағаны/уақтылы алмағаны үшін;
    7. Қатысушылардан Акция өткізу және Акцияның Жүлделерін беру үшін қажетті толық емес және/немесе дұрыс емес байланыс және/немесе өзге деректерді, дербес деректерді алғаны үшін;
    8. Қатысушының Акцияға қатысуына және/немесе Акцияның Жүлдесін алуына байланысты шеккен кез келген шығысы және/немесе шығыны үшін;
    9. форс-мажор басталған, оның ішінде төтенше жағдай режимі, карантин және/немесе кез келген өзге, соның ішінде эпидемияға/пандемияға байланысты шектеу шаралары енгізілген жағдайда;
    10. Қатысушылардың Ережелермен таныспағаны, сондай-ақ Акцияны өткізу нәтижелерімен таныспағаны үшін; 
    11.  

Барлық Акция Қатысушылары Акцияға қатысуға байланысты өздері шеккен кез келген шығынды (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, Акция туралы кез келген ақпаратты алу үшін Интернет желісін пайдалануға байланысты келтірілген шығындарды) өздері төлейді. 

  • Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші Акция Жүлделеріне құқық туралы кез келген дауларға қатысты жауапкершілік атқармайды. Қалай болғанда да, Жүлделерді беруге қатысты түпкілікті шешімді Ұйымдастырушы қабылдайды және мұндай шешім шағымдануға жатпайды.
  1. Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші ұялы телефон нөмірлерінің, электрондық мекенжайлардың бір немесе басқа тұлғаға тиесілі болуы туралы жанжалдар туындаған жағдайда, дауларға килікпейді. Барлық осындай даулар Акция Қатысушылары мен олардың қарсыластары арасында дербес және өз есебінен шешіледі. 

ӨЗГЕ ТАЛАПТАР

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сай Жүлделер төлем көзінен салық салынатын табыстарға жатады. Табыстың осы түрі (ұтыс) бойынша ЖТС-ны (жеке табыс салығын) Қатысушыға – ұтыс Жеңімпазына Акция Жүлделерінің тікелей берілуін қамтамасыз ететін салық агенті – Акция Ұйымдастырушысы есептейді және ұстайды. 

  1. Қатысушылар Акцияның Жүлдесі түрінде табыс алады, салық агенті олар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті салықты (жеке табыс салығын) төлейді.
  2. Акция Қатысушыларына Акцияның өткізілу талаптары мен мерзімі туралы мәлімет жалпы қолжетімді Акцияның телеграм-ботында Акцияны өткізудің толық шарттарын орналастыру арқылы хабарланады. 
  3. Ереженің толық мәтіні https://t.me/Kinder_NewYear_KZ_bot Телегарам-ботындағы, сондай-ақ @kinder_kz_official Instagram-аккаунтындағы  сілтеме бойынша орналастырылған 
  4. Акция Ережелері өзгерген, сондай-ақ Ұйымдастырушы оны уақытша тоқтата тұрған немесе мүлдем тоқтатқан жағдайда, бұл туралы ол Қатысушыларға https://t.me/Kinder_NewYear_KZ_botТелеграм-ботында, сондай-ақ@kinder_kz_official Instagram-аккаунтында  тиісті хабарландыру беру арқылы хабарлайды. 
  5. Акцияның өткізілуі уақытша тоқтатылған, Акцияның өткізілуі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Акция Ұйымдастырушысы https://t.me/Kinder_NewYear_KZ_bot, телеграм-ботында, сондай-ақ @kinder_kz_official Instagram-аккаунтында тиісті хабарлама жариялауға немесе басқа бұқаралық ақпарат құралы арқылы немесе басқа тәсілмен осындай уақытша тоқтату/тоқтату туралы көпшілікті хабардар етуге міндетті.
  6. Акция Ұйымдастырушысы Акцияның өткізілуін аяқтауға, соның ішінде Акцияның өткізілуі уақытша тоқтатылғанға немесе мерзімінен бұрын тоқтатылғанға дейін Акцияға қатысуға өтінім берген Қатысушыларға Акция Жүлделерін табыстауға/беруге және оларға қатысты өзге де қажетті іс-әрекеттерді орындауға міндетті.
  7. Акцияның өткізілуінің уақытша тоқтатылуы немесе мерзімінен бұрын тоқтатылуы Акцияның Ұйымдастырушысын Акцияның өткізілуі уақытша тоқтатылғанға немесе мерзімінен бұрын тоқтатылғанға дейін Акцияға қатысуға өтінім берген Жеңімпаздарға Акция Жүлделерін табыстау қажеттігінен босатпайды.
  8. Нәтижесінде Қатысушы Жеңімпаз деп танылған Жүлделер ұтыс ойынының нәтижелері жарияланған соң, Қатысушы Акция Ұйымдастырушысымен @kinder_kz_official instagram-аккаунты және https://t.me/Kinder_NewYear_KZ_bot Телеграм-боты арқылы байланыса алады