Home

Біздің ойыншықтарымыз

Ойын – балаңыздың дамуының және есеюінің маңызды бөлігі. Атап айтқанда, ойын барысында бала қоршаған ортамен таныса отырып, тәжірибе жинайды. Олар қарым-қатынас жасауды және проблемаларды шешуді үйренеді, шығармашылық пен қиялды дамытады, ұсақ моториканы және үйлестіруді жақсартады, сондай-ақ жаңа нәрселерді үйренеді. Сондықтан біз 40 жылдан астам уақыттан бері шоколадты жұмыртқадағы ойыншықтарды жинай отырып, отбасымен бірге көңілді уақыт өткізуді ұсынамыз.

Толықтырылған шынайылықтағы кейіпкерлер

Тегін Applaydu мобильді қолданбамыз жарнамасыз және қолданба арқылы сатып алусыз ойыншықтарға «жан бітіретін» толықтырылған шынайылық әлемін жасайды. Бұл қызықты, танымды және қиялды дамытады! Қолданба балаларға да, ересектерге де ұнайды – сіз балаңызбен бірге көбірек уақыт өткізіп, қызықты ойынды тамашалай аласыз және оған жаңалықтар ашуға көмектесе аласыз. 
Балалар Applaydu әлемінде санау және оқу негіздерін меңгере алуы үшін біз Оксфорд университетінің педагогика ғылымдары факультетімен бірлесіп қолданбаны жасадық. Сондай-ақ қолданба ұсақ моториканы дамытуға және есте сақтау қабілетін жаттықтыруға көмектесе алады.

Қауіпсіздік туралы қамқорлық

Тұтынушы қауіпсіздігі – Kinder-дің абсолютті басымдығы. Сондықтан біз халықаралық стандарттармен шектеліп қалмай, отандық, анағұрлым қатаң талаптарға сай ойыншықтар шығарамыз. Атап айтқанда, біз ойыншықтардың өлшемін және қолданылатын материалдардың химиялық құрамын мұқият қадағалаймыз, сондай-ақ Kinder компаниясының жеке әдістемесін қолдана отырып, қосымша қауіпсіздік сынақтарын өткіземіз. 
Тұтынушы қауіпсіздігі – Kinder-дің абсолютті басымдығы. Сондықтан біз халықаралық стандарттармен шектеліп қалмай, отандық, анағұрлым қатаң талаптарға сай ойыншықтар шығарамыз. Атап айтқанда, біз ойыншықтардың өлшемін және қолданылатын материалдардың химиялық құрамын мұқият қадағалаймыз, сондай-ақ Kinder компаниясының жеке әдістемесін қолдана отырып, қосымша қауіпсіздік сынақтарын өткіземіз. 
Ал сіз білесіз бе... 
•    Заң бойынша жаңа ойыншық 48 сынақтан өтуі керек. Дегенмен Kinder-дің әрбір ойыншығы халықаралық деңгейде аккредиттелген тәуелсіз зертханаларда 75 түрлі сынақтан өткізіледі. 
Ойыншықтарымыз үш жасқа толмаған балаларға арналмаған. Біз бұл туралы шоколадты жұмыртқаның әрбір қаптамасына жазамыз және ойын кезінде балаларды әрқашан қадағалап отыруға кеңес береміз. 

Сапа туралы қамқорлық

Ойыншықтарымыз балаларға тек қуаныш сыйлауы үшін біз барлық негізгі өндірістік процестерді үздіксіз бақылап отырамыз. Әр фабрикадағы мамандарымыз күн сайын жүздеген үлгіні алып, оларға сынақ жүргізеді. 
Ал сіз білесіз бе... 
•    Жыл сайын біз өнімдеріміздің сапасын бақылау үшін дүниежүзіндегі 22 000-нан астам өндіріс партиясын таңдап, сынақтан өткіземіз. 

Бізге әрбір баланың пікірі маңызды

Біз ойыншықтарымыздың балаларға қуаныш сыйлап, олардың дамуына көмектесуіне ұмтыламыз. Kinder жыл сайын дүниежүзіндегі 4 мыңнан астам бала мен олардың ата-аналарына қай ойыншықтың көбірек ұнайтынын білу үшін сауалнама жүргізіп отырады. Сондай-ақ біз 30 телефонмен қызмет көрсету орталығы, әлеуметтік желілер және кері байланыс онлайн нысандары арқылы тұтынушылардың пікірлеріне үнемі мониторинг жасап отырамыз. 
Ал сіз білесіз бе... 
•    Жыл сайын біз әлемнің түкпір-түкпірінен тұтынушылардың 10 000-нан астам пікірін зерттейміз. Сапаны қамтамасыз ету бөліміміз алынған ақпаратқа үнемі сараптама жасай отырып, оны дамытуға және жаңа идеяларды жүзеге асыруға, тұтынушылармен қарым-қатынасты жетілдіруге пайдаланады.    

*Ойыншықты жандандыру деген тегін Applaydu толықтырылған шынайылық қолданбасының көмегімен құрылғы экранына оның көлемді және/немесе анимацияланған кескінін шығаруды білдіреді.

Көбірек біліңіз!

Дәмді сапа

Әр порцияда қамқорлық 

Шикізатты жауапкершілікпен сатып алу

Берік қаптама