Home

Ингредиенттерді мұқият іріктейміз

Біздің өнімдеріміз сізге және сіздің отбасыңызға әрқашан қуаныш сыйлауы үшін әрбір ингредиенттің сапасы мен дәмін тексереміз.
Біз серіктестерді таңдауға асқан жауапкершілікпен қараймыз және олармен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатамыз. Біз жеткізушілерімізбен бірге шикізаттың сапасын жақсарту жұмыстарын жүргіземіз және ингредиенттердің қауіпсіздігі мен сапасына сенімді болу үшін олардың өндірістік нысандарын жүйелі түрде тексеріп отырамыз.

Қауіпсіздік, жоғары сапа және ұмытылмас дәм

Біздің өнімдерімізді 170-тен астам елдің балалары жақсы көреді, сондықтан оларды өндіру барысында барлық талаптардың орындалуын мұқият қадағалаймыз.
Kinder өнімдерін дайындаудың әрбір кезеңінде сарапшыларымыз ингредиенттерді тексереді, аралық сынақтар жүргізеді және дайын өнімдерді бақылайды – осылайша біз олардың қауіпсіздігін, жоғары сапасы мен ерекше дәмін қамтамасыз етеміз.

Ал сіз білесіз бе...

•    Біз жыл сайын әлемнің түкпір-түкпіріндегі ингредиенттеріміздің қауіпсіздігіне, сапасына және дәміне 1 329 000-нан астам сынақ жүргіземіз.

•    Біз жылына 48 000-нан астам рет барлық фабрикаларымызда қауіпсіздік пен сапа бақылауын жүргіземіз.

•    Біздің өнімдеріміздің сапасын бағалау жөніндегі комиссия құрамына өнімдеріміздің қайталанбас дәмін тексеретін және оған кепілдік беретін дүниежүзіндегі 2000-нан астам маман кіреді. Жыл сайын сарапшыларымыз өнім дәмін бағалау бойынша 360 000-нан астам өндірістік сынақ өткізеді.

•    Біз Ferrero өнімдерінің әрқашан қуаныш сыйлағанын қалаймыз, сондықтан компания мамандары жылына шамамен 1 миллион рет дүкендерге барып, сөредегі өнімдеріміздің сапасын тексереді. 

Бізге әрбір тұтынушының пікірі маңызды

Бүкіл әлемдегі балалар мен олардың ата-аналары жақсы көретін сапалы әрі дәмді өнімдерді жасап шығару үшін біз әрқашан тұтынушыларымыздың пікіріне құлақ саламыз. 
Ал сіз білесіз бе...
•    Біз жыл сайын дүниежүзінде 40 000-нан астам тұтынушылық сынақ пен сауалнама жүргіземіз және тұтынушылардың пікірлерін, шағымдары мен сұрауларын электрондық жүгіну жүйелері арқылы қабылдаймыз.

Біздің ингредиенттеріміз

Біз өнімдеріміз үшін тек жоғары сапаны қамтамасыз ететін ингредиенттерді таңдаймыз. Өнімдерімізге бояғыштар немесе консерванттар қоспаймыз.

біздің ингредиенттер

Бал
Дәнді
дақылдар
Жұмыртқа
Майлар
Пальма
майы
Қант
Уыт
сығындысы
Нан
пісіретін
ашытқы
Эмульгатор
Лецитин
Қопсытқыштар
Хош
иістендіргіштер
Қоюландыр-
ғыштар
Глазурьле-
гіштер
Ылғал
ұстағыш
қоспалар
Лимон
шырыны
Кокос
Кофе
сығындысы
Йогурт
Тұз

Көбірек біліңіз!

Әр порцияда қамқорлық

Баланың дамуындағы ойынның рөлі

Шикізатты жауапкершілікпен сатып алу

Берік қаптама