coconut

КОКОС

Тропикалық елдерде өсетін осы шырынды жеміс тәтті нандар, торттар мен печеньелер өндірісінде қолданылатын мәйегі мен сүті үшін жоғары бағаланады.

Өнім туралы

coconut

Кокос жоңқасын қатты кокос жаңғағын ашып, тазалап, жуып барып алынатын ақ түсті мәйегінен алады. Содан соң мәйекті ұсақтап турап, сумен, ыстық бумен өңдейді және ақыр соңында кептіріп, електен өткізеді. Кокос сүтін алу үшін мәйекті сығып, алынған сұйықтықты пастерлеуден өткізеді. Кейіннен оны кептіру құрғақ сүт алуға мүмкіндік береді. 

Біз Kinder Pinguì бисквитінің бірегей дәмі мен нәзік хош иісіне қол жеткізу үшін, сондай-ақ Kinder Delice шоколадты глазурін безендіру үшін кокос сүті мен кокос жоңқасын пайдаланамыз.

coconut

Kinder таңдауы және сапаны бақылау

Кокос сүтін біз ішінара Филиппинде өсірілетін жемістерден өзіміз дайындаймыз, ал ішінара Малайзиядан, Шри-Ланкадан және Филиппиннен сатып аламыз. Ал кокос жоңқасын, шикізатты сол Филиппиннен алып, толығымен өзіміз жасап шығарамыз. Бұл екі ингредиентті өндіру жемістердің сапасы мен қасиеттерін барынша сақтай отырып жүзеге асырылады.      

Біз өнеркәсіптік «Кокос жөніндегі хартияның» талаптарын сақтаймыз және кокостың экологиялық төзімді өндірісі бағдарламаларының мақсаттары мен қағидаттарын жүзеге асырамыз.

біздің ингредиенттер

Какао
Сүт
Орман
жаңғақтары
Бал
Дәнді
дақылдар
Жұмыртқа
Майлар
Пальма
майы
Қант
Уыт
сығындысы
Нан
пісіретін
ашытқы
Эмульгатор
Лецитин
Қопсытқыштар
Хош
иістендіргіштер
Қоюландыр-
ғыштар
Глазурьле-
гіштер
Ылғал
ұстағыш
қоспалар
Лимон
шырыны
Кофе
сығындысы
Йогурт
Тұз