Home

Ингредиенттеріміз қайдан келеді

Ингредиенттеріміз қайдан келеді

Біздің тәсіліміз

Өнімдерімізге арналған ингредиенттерді мұқият таңдаймыз және олардың қайдан келетінін жақсы түсіну үшін сенімді жеткізушілермен жұмыс істейміз. Сатып алуда танылған сертификаттау бағдарламаларына сүйенеміз. Cocoa and Forests Initiative, Sourcemap, Save the Children және Arla FarmAhead™ ұйымдарымен бірге табиғатты қорғайтын әрі жеткізу тізбегінің бойындағы фермерлер мен жергілікті қауымдастықтарды қолдайтын жобаларға қатысамыз.

Серіктестерімізбен және жеткізушілерімізбен бірге мыналарға ерекше мән береміз: жеткізушіні тексеру, жеткізу тізбегінің ашықтығы, сертификаттау мен стандарттар, жердегі жұмыс тәсілдері және жергілікті қауымдастықтардың мүддесі.

Жергілікті қауымдастықтарды қолдау

2017 жылдан бері Save the Children ұйымымен бірге Кот-д'Ивуардың какао өсіретін қауымдастықтарында жұмыс істейміз: балаларға білім мен негізгі медициналық көмекке қол жеткізуге көмектесеміз, тууды тіркеу жүйесін жолға қоямыз және отбасыларды қолдаймыз — оқыту арқылы және әйелдер басқаратын бизнесті ынталандыру арқылы.

2025 жылдың соңына қарай Save the Children бағдарламасы 48 500-ден астам адамды қамтыды, оның 16 000-ы — балалар.

Одан бөлек, 2025 жылға қарай какао сатып алатын елдерде 155 мектепті жөндеуге немесе салуға көмектестік және мектепке бармайтын 4345 баланы дайындық сыныбына жаздырдық.

4-save-the-children_2.png
5-save-the-children_1.png
88d9f19d96d6ab59e7888f26ba5d212b279c0a40_0-1
thoughtful-teating-logo-1.png
Сүтті қайдан аламыз

Сүтті таңдаулы жеткізушілерден сатып аламыз, ал олардың кейбірімен иық тірескен жұмыс істейміз: фермаларда бағдарламалар іске қосып, фермерлерге сүт өндірісінің климаттық ізін азайтуға көмектесетін қаржылық ынталандыру енгіземіз. 2025 жылдың қаңтарында Arla-мен ынтымақтастығымызды кеңейтіп, олардың FarmAhead™ Customer Partnership бағдарламасына қосылдық — онда Arla фермерлері тұрақты дамуға бағытталған қадамдары үшін ынталандыру алады.

Ингредиенттерді қалай сертификаттаймыз

6-certify-ingredient.png
100%

какаомыз сертификаттау бағдарламалары мен стандарттары бойынша — Rainforest Alliance, Cocoa Horizons және Fairtrade — сатып алынады.
Толығырақ: ra.org, fairtrade.net және cocoahorizons.org

Какаоны «масса балансы» қағидаты бойынша сертификаттаймыз
mobile1
desktop1

Какаомыздың көп бөлігі өңделмеген бұршақ күйінде келеді: оны фабрикаларымызда өңдейміз және фермадан фабрикаға дейінгі жолын нақты қадағалауға болатындай сатып аламыз. Бұршақтар әртүрлі фермадан келгендіктен, мұндай какао — әртүрлі сертификаттау стандарты бойынша қоспа.

mobile2
desktop2_0

Шоколад өнімдерін басқа өндірушілер өңдесе, жеткізушілеріміз сертификатталған және сертификатталмаған какаоны араластыруы мүмкін. Бірақ олар кепілдік береді: бізге жеткізетін әр көлеміне сертификатталған какаоның кемінде сондай көлемін сатып алады.

Ингредиенттерімізді қалай қадағалаймыз

Ингредиенттің шығу тегін және оның фермадан фабрикамызға дейінгі жолының әр қадамын білу маңызды: сапаға да, қалай сатып алатынымызға да осылай жауап береміз.

Kinder ингредиенттерінің қадағалануы — бұл:
ellipse-74.png

100%

балғын сұйық сүтіміз фермаға дейін қадағаланады

ellipse-74_0.png

100%

жұмыртқа — торсыз ұсталатын тауықтардан, фермаға дейін қадағаланады

pie_0.png

98%

какаомыз фермаға дейін қадағаланады

pie.png

97%

орман жаңғағымыз фермерге дейін қадағаланады