Біздің қаптамамыз
Біздің қаптамамыз
Қаптама не үшін қажет
Қаптама өнімнің дәмін, сапасын және балғындығын сақтау, оны бактериялар мен зиянкестерден қорғау үшін керек. Сонымен қатар онда үлес мөлшері мен құрамы туралы ақпарат бар — таңдауыңыз оңай болсын деп.
Өнімдерімізді әртүрлі қаптама материалымен қорғаймыз және қайта өңдеуге оңайырақ материалдарға артықшылық береміз — 4EG немесе CEFLEX сияқты қайта өңдеуге бейімдеп жобалаудың танылған қағидаттары бойынша. Жаңа материал не пішімді енгізер алдында оның табиғатқа әсерін барлық кезеңде бағалаймыз: шикізат өндіруден бастап дайындауға, тасымалдауға және кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге дейін. Әрі қаптаманың стандарттарымызға сай болуын қадағалаймыз.
Қаптама ойлап табарда «5R стратегиясы» бойынша жұмыс істейміз: материалды ұтымдырақ жұмсап, айналымдылық дәрежесін арттырамыз — қауіпсіздік пен сапаның әдеттегі жоғары стандартынан шегінбей.

Қаптамамыздың бір бөлігін қайта жасадық: бір материалға көштік, қайта өңделмейтін тіркесімдерден бас тарттық, ал кей жерде пластик үлдірді қағазға ауыстырдық. Осылайша пластиктің жалпы көлемін азайттық.
Мінеки, қалай:

2022 жылы Kinder Délice-тің пластик орамасын қағазға ауыстырдық. 2022 жылдың мамырынан 2025 жылдың тамызына дейін бұл әлем бойынша жалпы
449 тоннаға*
аз пластик берді.
* Ferrero компаниясының ішкі деректеріне сәйкес

2020 жылы Kinder Joy-дың пластик қасығын қағазға ауыстырдық. 2020 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың тамызына дейін бұл әлем бойынша жалпы
4811 тоннаға*
аз пластик берді.
* Ferrero компаниясының ішкі деректеріне сәйкес

2022 жылы Kinder Bueno орамасын жұқалаттық. 2022 жылдың наурызынан 2025 жылдың тамызына дейін бұл әлем бойынша жалпы
1476 тоннаға*
аз пластик берді.
* Ferrero компаниясының ішкі деректеріне сәйкес

2022 жылы Kinder Pinguì үшін бір қабатты пластик орамаға көштік. 2022 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың тамызына дейін бұл әлем бойынша жалпы
96 тоннаға*
аз пластик берді.
* Ferrero компаниясының ішкі деректеріне сәйкес

2025 жылы Kinder Country орамасын жұқалаттық. 2025 жылдың қаңтарынан тамызына дейін бұл әлем бойынша жалпы
47 тоннаға*
аз пластик берді.
* Ferrero компаниясының ішкі деректеріне сәйкес

Kinder өнімдерінің көбінің қаптамасына QR-код орналастырдық — оны өз аймағыңыздағы қалдық жинау ережелері мен мүмкіндіктеріне сай қалай дұрыс кәдеге жарату керегін білуіңіз үшін.





