Home

Саналы ләззат

Саналы ләззат

Саналы ләззат

Кез келген өнімнен, тәттіден немесе жеңіл астан саналы ләззат алуға болады деп сенеміз. Әрі бұған көмектесеміз: ингредиенттің сапасына мән береміз, үлестік қаптама жасаймыз, тағамдық құндылық туралы ашық айтамыз және қарым-қатынаста әдепті сақтаймыз.

Сапалы ингредиенттер

Сапаға деген қамқорлығымыз ингредиенттерді таңдаудан басталып, өндірістің әр кезеңінде жалғасады.

Үлестік қаптама

Өнімдерімізді қалыпты мөлшерде ләззат алу оңай болатындай етіп жасаймыз. Көбі — үлестік қаптамада. Ал кейбірі бөлісуге арналған: отбасылық дастарқанда немесе достармен.


Балаларға арналған шағын үлес — кішкентайларға арналған өнімдерімізді шағын етіп жасаймыз, дана-данамен ораймыз және қолға ұстауға ыңғайлы пішін береміз.

Үлестік қаптама — жасөспірімдер мен ересектерге арналған өнімдеріміз шамадан тыс емес, бірақ ләззат сыйлайтын үлеске есептелген. Оны ыңғайлы жеңіл ас ретінде өзіңізбен алуға немесе үлкен қаптаманы ашып, жақындарыңызбен және достарыңызбен бөлісуге болады.

kinder.png
Kinder Chocolate тарихы

Kinder Chocolate 1968 жылы дүниеге келді: Микеле Ферреро балаларға ұнайтын шоколад жасағысы келді.

Ол «сүті көбірек» шоколад жасады: сырты сүтті шоколадтан, іші кілегейлі сүт салмасынан. Микеле Ферреро оны тұтас тақта күйінде қалдырмай, шағын батончиктерге бөліп, әрқайсысын бөлек орады — балалар шоколадты қалыпты мөлшерде жесін деп. Әрі оған Kinder деп ат қойды: немісше бұл «балалар» дегенді білдіреді.

rs-clean-label-1
thoughtful-teating-logo-1.png
Айқын таңбалау

Қаптамада нақты ақпаратты, соның ішінде ұсынылатын үлесті көрсетеміз — таңдауыңыз оңай болсын деп.

our-pack-final-image
Жауапты коммуникациялар

Ата-ананың рөлін құрметтейміз: балаларын теңдестірілген тамақтануға және салауатты, белсенді өмір салтына үйрететін солар. Жарнамамыз бен маркетингтік коммуникацияларымыз — мазмұны бойынша да, алаң таңдауы бойынша да — ең алдымен сатып алу туралы шешім қабылдайтын ересектерге және 13 жастан асқан жастарға арналған. Егер жергілікті нормалар жоғарырақ жас шегін белгілесе, біз соны ұстанамыз.

Біз Халықаралық тамақ өнімдері мен сусын өндірушілер альянсы (IFBA) әзірлеген жаһандық жауапты маркетинг саясатына сүйенеміз — біз оның негізін қалаушылардың біріміз.

1694501444426-1.png
eupledge_logo_colourtransparent-1.png