Home

Ингредиенттердің сапасы

Ингредиенттердің сапасы

Ингредиентті таңдаудан
әр өнімнің сапасына дейін

Өнімдерімізді жасауда әрбір ұсақ-түйекке мән береміз.

Сенімді жеткізушілермен және фермерлермен жұмыс істейміз — көбімен ұзақ жылдар бойы бірге. Сапа стандарттарымызға сай ингредиенттерді солармен таңдаймыз.

Одан кейін Kinder өнімдері дүниеге келетін фабрикаларда ингредиенттерді сіз білетін және ұнататын рецепттерге ұқыппен біріктіреміз. 50 жылдан астам жинақталған тәжірибе олардың дәмін, құрылымын және тағамдық қасиеттерін сақтауға көмектеседі.

Сапаға деген қамқорлығымыз

Өнімнің бүкіл жолында дәмді, сапаны және қауіпсіздікті қадағалаймыз: бүкіл әлемде ингредиенттерді, жартылай дайын және дайын өнімді тексереміз.

Жылына
3,5 млн-нан астам

барлық фабрикаларымызда өтетін сапа мен қауіпсіздік тексерісі.

Әлемнің түкпір-түкпірінен
2500

астам дәм сарапшысы дегустация жөніндегі сараптамалық тобымызға кіреді
(олар өнімдеріміздің тамаша дәмі мен тұрақты сапасын тексереді әрі кепілдік береді)

Тек 2024–2025 жылдары ғана
180000

Kinder өнімдеріне зертханаларымыз бен фабрикаларымызда дәм сарапшылары жүргізген дәм сынағы.

Танысыңыз: біздің дәм сарапшыларымыз

Дегустация жөніндегі сараптамалық тобымызға әлемнің түкпір-түкпірінен 2500-ден астам сарапшы кіреді. Олар өнімдеріміздің тамаша дәмі мен тұрақты сапасын тексереді әрі кепілдік береді.

Сүттің жолы: фермадан рецептке дейін

Сүт — көптеген Kinder өнімінің маңызды ингредиенті. Оны мұқият таңдап, сапасын қадағалай отырып ұқыпты өңдейміз.

Сауын

Сүттің жолы сиыр сауылатын фермадан басталады.

Дереу салқындату

Жаңа сауылған сүт бактериялардың көбеюін баяулату және балғындығын сақтау үшін бірден танктерде салқындатылады.
 

Салқындатқыш танктер

Салқындатылған сүт оны алып кеткенге дейін фермада жылу оқшаулағышы бар үлкен танктерде сақталады.

Сүт таситын автоцистерналар

Сүтті фермалардан жылу оқшаулағышы бар арнайы автоцистерналар алып кетеді — жолда ол салқын күйінде қалады. Әдетте балғындығын сақтау үшін сүт сауылғаннан кейін 24–72 сағат ішінде әкетіледі.

Сапаны тексеру

Сүт зауытында сүт мұқият тексеруден өтеді: сыртқы түрі, температурасы, қышқылдығы және ластаушы заттардың жоқтығы бағаланады.

Пастерлеу

Тексеруден өткен сүт пастерленеді: зиянды бактерияларды жою және сақтау мерзімін ұзарту үшін бірнеше секундқа белгіленген температураға дейін қыздырылады.

Кептіру процесі

Кейбір өнімдерге — мысалы, Kinder Chocolate немесе Kinder Surprise-ға — құрғақ сүт қажет. Ондайда пастерленген сұйық сүт бүрку арқылы кептіріледі: судың барлығы дерлік кетіп, ұнтақ қалады.

Тасымалдау

Пастерленген сұйық сүт те, құрғақ сүт те оңтайлы жағдайда фабрикаларымызға жеткізіледі. Онда ол Kinder рецепттері бойынша басқа ингредиенттермен араласады — сіз ұнататын өнімдер осылай дүниеге келеді.

Фабрикаларымызды сертификаттау
  1. Еуропа
  2. Солтүстік Америка
  3. Категория жетекшісі
  4. Халықаралық
  5. Азия-Тынық мұхиты аймағы, Таяу Шығыс және Африка

Kinder өнімдері бүкіл әлемдегі 25 фабрикада өндіріледі. Олардың бәрі сапаны бақылаудың қатаң жүйесі бойынша жұмыс істейді және халықаралық деңгейде танылған стандарттар — мысалы, азық-түлік қауіпсіздігі бойынша FSSC 22000 — сертификаттауынан өтеді.
Толығырақ: www.fssc.com

Kinder өнімдері бүкіл әлемдегі 25 фабрикада өндіріледі. Олардың бәрі сапаны бақылаудың қатаң жүйесі бойынша жұмыс істейді және халықаралық деңгейде танылған стандарттар — мысалы, азық-түлік қауіпсіздігі бойынша FSSC 22000 — сертификаттауынан өтеді.
Толығырақ: www.fssc.com