Какао

Какао

Kinder өнімдеріне арналған какао-бұршақты мұқият таңдаймыз. Ұзақ жылдар бойы оларды рецепттеріміздің хош иісі мен дәмін ашатындай етіп араластыруда және қуыруда нағыз сарапшы болдық.

< >

Какао-бұршақты Кот-д'Ивуардан, Ганадан, Нигериядан және Эквадордан сатып аламыз.

100%

Какаомыздың 100%-ы Rainforest Alliance, Cocoa Horizons және Fairtrade сияқты сертификаттау бағдарламалары мен стандарттары бойынша сатып алынады.
Толығырақ: ra.org, fairtrade.net және cocoahorizons.org

cocoa

Бұршақтар фабрикаларымызға келе салысымен физикалық және химиялық сапа көрсеткіштерінің қатаң бақылауынан өтеді.

Одан кейін оларды фабрикаларымызда қуырамыз, хош иісін, сапасын және балғындығын үнемі қадағалаймыз. Содан барып ұнтақтаймыз — рецепттерімізге арналған какао-паста, какао-ұнтақ және какао-май осылай шығады.