Home
Шоколад шығару — тарихымыздың бір бөлігі ғана. Отбасы, өнімнің жоғары сапасы және инновациялар — біздің басты құндылықтарымыз.
Kinder тарихы 1968 жылы Италияның Альба атты шағын қаласынан бастау алады. Бір тұрғынның ерекше ойы танымал Kinder брендінің негізі болды.
Өткен шақтағы жарқын сәттер одан кем түспейтін көрнекті болашақтың негізін қалайды. Kinder брендінің танымалдығы бүкіл дүниежүзінде тез артты. Kinder өндіріс технологиялары жылдан-жылға дами түсіп, әр жаңа ой ғажайып болашаққа жол ашып отырды.
Балалардың шоколадты, ойындар мен жаңалық ашуды жақсы көретінін біле отырып, Kinder Пасха кезінде шоколадты жұмыртқаларды сыйлау дәстүрінен шабыт алып, Kinder Сюрприз бірегей өнімін жасап шығарды.
Балалар өсіп, олардың талғамдары мен қызығушылықтары өзгереді, сондықтан Kinder көпшіл және белсенді жастар, яғни миллениалдар үшін жаңа шоколадты тәттілер жасап шығарды.
Күнделікті өмірді ерекше сәттерге толтыру мүмкіндігі бізді шабыттандырады, сондықтан біз адамдарды жақындата түсетін жаңа шоколадты өнімдерді әрі қарай жасай береміз.

2018 жылы брендтің құрылғанына 50 жыл толды, бұл Kinder тарихында маңызды кезең. Осы уақыт бойы біз адамдарға қуаныш сыйлап келдік.

  • 00 1968
  • 01 Kinder тарихы
  • 02 Балаларға арналған шоколад
  • 03 Kinder баршаға қуаныш сыйлайды
  • 04 Шабыт көзі болған Пасха
  • 05 Kinder өсіп келеді
  • 06 Бірге тойлаймыз
  • 07 Kinder-дің құрылғанына 50 жыл
  • Бүгін
Бұл парақшадағы контент коммерциялық мақсатта пайдалануға арналмаған