Майлар
Майлар әрқашан тамақ дайындауда зор маңызға ие болған. Өнімдеріміздің дәмдерінің таңғажайып саналуандығының құпиясы да – осы майларды пайдалануға мұқият және кәсіби тұрғыдан келуде.
Kinder таңдауы
Kinder өнімінің дәмдері мен текстураларының саналуандығы шынында да керемет. Және бұл – біздің өнімдеріміздің тұтынушылар арасында табысқа жету құпияларының бірі. Біз әрдайым сүтте, какао мен орман жаңғағында табиғи түрде болатын майлар мен біз дербес ингредиент ретінде пайдаланатын майлардың арасында қажетті теңгерімді іздеумен боламыз.
Осы теңгерімді үздіксіз іздеу – Kinder мамандарының жұмысы. Олар салма дәмі неғұрлым кілегейлі болып, ал жұмсақ майлар қатты майлармен жақсырақ құрамдастырылып, бір өнімдерді үгілмелі және қытырлақ, ал енді бір өнімдерді жұмсақ әрі нәзік ету үшін майлардың әртүрлі қасиеттерін барынша жақсы үйлестіруге мүмкіндік беретін тәсілді табуға тырысады.
Осындай мұқият ойластырылған үйлесімдер бізге өзімізге қажетті дәмді алу үшін ингредиенттерді араластыру мүмкіндігін береді. Аз мөлшерде май қосып, біз ингредиенттің күшті дәмін неғұрлым бейтарап ете аламыз, осының арқасында түпкі өнімнің дәмі неғұрлым нәзік бола түседі.
Бұл қажырлы жұмыстың мақсаты қарапайым – біздің өнімдерімізді ұнататын барлық адамдар аса бағалайтын текстура мен дәм үйлесіміне қол жеткізу.
Ши майы
Ши майы ши жаңғақтарынан алынады және өнімдеріміздің дәмі мен консистенциясын жақсарту үшін пайдаланылады.
Барлығына ши ағашы ретінде көбірек белгілі Butryosermum parkii Африкада өседі. Өсімдік Батыс Африканың Сахель аймағында кең таралған. Жабайы ағаштардың жемістерін жергілікті тұрғындар пісіп, жерге түскенде жинап алады.
Ши ағашы өте баяу өсіп, тек 15 жылдан кейін ғана жеміс бере бастайды және жеміс беру шыңына 50-ші жылға қарай жетеді. Мұндай ағаштар 300 жылға дейін, ал кейде одан да көп өмір сүреді. Ши ағаштары осы ағаштар өсетін аймақтарда климаттық және экономикалық сипаттағы себептер бойынша қамтамасыз ету қиынға түсетін жасанды суаруды немесе ерекше күтімді қажет етпестен өседі және жеміс береді. Сондай-ақ «ши белдеуінің» субсахара аймағындағы шөлейттенудің баяулауына септігін тигізетінін атап өткен жөн.
2018 жылы Ferrero компаниясы дүниежүзі бойынша бәсекеге қабілетті және тұрақты ши майы өнеркәсібін қолдайтын стратегияларды жоспарлауға, әзірлеуге және іске асыруға, сондай-ақ әйелдер мен Африканың ауылдық жерлеріндегі қауымдастықтардың экономикалық жағдайын жақсартуға арналған Ши майының жаһандық альянсына (GSA) мүше болды.
Біз ши майын Kinder Delice, Kinder шоколадты фигуралары, Kinder Joy және Kinder Сюрприз сияқты өнімдердің қажетті текстурасы мен консистенциясына қол жеткізу үшін қолданамыз.
Күнбағыс майы
Күнбағыс майын күнбағыс атауымен белгілі Helianthus annus өсімдігінің дәндерінен алады. Күнбағыстың отаны Америка болып табылады, бірақ бүгінде ол бүкіл әлемде кеңінен таралған дақыл. Күнбағыс майының құрамында көптеген қанықпаған май қышқылдары, әсіресе олеин және линол қышқылдары бар.
Kinder өнімдерінде дәл осы олеин қышқылына бай майды пайдаланамыз, өйткені ол неғұрлым тұрақты және өткір емес бейтарап иісінің арқасында рецепттеріміздің ингредиенттері ретінде қолдануға барынша қолайлы әрі өнімдеріміздің бірегей дәмін әрдайым кепілдеуге мүмкіндік береді.
Күнбағыс майы Kinder Bueno White және Kinder Joy құрамына кіреді.
Сал ағашының майы
Сал ағашы ретінде белгілі Shorea robusta ағашының шығу тегі айтарлықтай экзотикалық болып табылады. Негізінен Үндістан түбегінің аумағында өсетін және Үндістанда кең таралған бұл ағаштың діңі биік, тұқымдарынан тамаққа пайдалануға жарамды май алынады.
Түсімдерді жинаған соң өңдеу процесі басталады. Ең алдымен, дәнін, яғни жеуге жарамды бөлігін жеуге жарамайтын бөлігінен – қабығынан ажыратады. Содан соң дәнді ұсақтап, майлы паста жасайды, одан сал майы алынады. Бұл ингредиент тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Мәселен, ол Kinder Delice құрамына кіреді.
Сал ағаштары әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды, өйткені өнімдерін жинауға жергілікті тұрғындар қатысады, бұл олар үшін маңызды табыс көзі болып табылады.
Сутектендірілген майлар
Сутектендірілген майлар «сутектендіру» деп аталатын химиялық процесті пайдалана отырып, өнеркәсіптік ауқымда өндіріледі. Бұл процесс кейбір май қышқылдарының құрылымын өзгертіп, оларды трансмайларға айналдыра алады. Ғылыми зерттеулерге сәйкес мұндай майларды тамаққа қолданғанда қанның құрамында «зиянды» холестерин деңгейі жоғарылайды.
Сондықтан біз Kinder өнімдерінде өнеркәсіптік тәсілмен өндірілген трансмайларды пайдаланбаймыз. Сүтпен бірге табиғи жолмен өнімге түсуі мүмкін олардың іздері, мамандардың пікірі бойынша, адам ағзасына бейтарап әсер етеді.