Cocoa header

КАКАО Ерекше технологиямыз

Какао – дәмі мен хош иісінің бірегей үйлесімі арқасында тұтынушыларымыздың көңілінен шыққан өнімдерді өндірген кезде пайдаланатын шоколадтағы негізгі ингредиент. Дәл осыған байланысты какаоны таңдау және өңдеу процесіне ерекше көңіл бөлеміз.

Какаоны өңдеу саласындағы сарапшылар

Көпжылдық тәжірибенің арқасында какао дәндерін өңдеу саласында бірегей сарапшылық дәрежеге қол жеткізіп, өнімдеріміздің ерекше хош иісі мен дәмін қалыптастыруымызға мүмкіндік алдық.
Cocoa Part 1

Піскен жемістен шығарылған какао дәндерін әдетте ферменттелуі үшін бір аптаға банан жапырақтарымен жауып қояды. Бұл табиғи дәм мен хош иістің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Содан соң дәндер фабрикаларымызға жіберіліп, ол жерде олардың сапасы мұқият тексеріледі, атап айтсақ, оларға органолептикалық талдау жасалады, олардың физика-химиялық және микробиологиялық параметрлері тексеріледі. Бұдан кейін дәндер кептіріліп, үлкен уатқышқа салынып, жеуге болатын бөлігі (какаоның ұсақталған дәндері) қабығынан бөлінеді. Өзіне тән хош иіс пен түске қол жеткізу үшін ұсақталған дәндер қуырылады. Дәндердің көбін өзіміз қуыратындықтан, олардың хош иісін, сапасын және ескірмеуін қадағалау мүмкіндігіміз бар. Содан соң дәндер біртекті массаға дейін ұнтақталады; алынған күнжара какао майын алу үшін сығылады. Кейін какао ұнтағын алу үшін күнжара ұсақталады. 
Какао массасының құрамында бағалы какао майының көп пайызы бар. Біз оны қантпен және басқа да ингредиенттермен араластырамыз, содан кейін қара шоколад алу үшін өңдейміз. Әртүрлі пропорциялардағы қаймағы алынбаған құрғақ сүтті қосқанда, осы какао массасынан әртүрлі сұрыпты сүт шоколады алынады, біз одан дайын өнімдерімізді жасаймыз. Какао массасы глазурь дайындау үшін, мысалы, Kinder Delice үшін пайдаланылады.

Тропикалық елдерден шыққан

Cocoa Part 2

Біз какаоны көбінесе ыстық және ылғалды климаты оны өсіруге тамаша жағдай жасайтын Батыс Африкадан және Оңтүстік Америкадан аламыз. Біз ең алдымен өнімнің ең жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін негізгі түсім жиналғанда алынған какао дәндерін сатып аламыз.

Cocoa Part 2

Какаоны сатып алу

Cocoa Part 3

Біз какаоны сатып алуға барынша жауапкершілікпен қарау міндеттемесін өз мойнымызға алдық және қойылған мақсатқа қол жеткіздік: біздің какао дәндерін және шоколадты сатып алу стандарттарымыз Rainforest Alliance, Fairtrade және басқалары сияқты тәуелсіз ұйымдар мен қозғалыстардың тұрақты даму стандарттарына сәйкес келеді.

Cocoa Part 3

Фермерлерге қолдау көрсету

Какао көбінесе дамушы елдерде өсіріледі және ол елдерде фермерлер мынадай түрлі әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларға ұшырап жатады: ресурстардың тапшылығы, ауыл шаруашылығы саласындағы төмен біліктілік және климаттың өзгеруі.
Біз какаоны сатып алу бағдарламасы шеңберінде жергілікті қоғамдастықтың мүдделеріне және қоршаған ортаға зиян келтірместен өмір сүру құралдарын қамтамасыз ететін тұрақты ауыл шаруашылығын құруға бағытталған өндірістің тұрақты әдістерін енгізуге фермерлерге көмектесеміз. Сондай-ақ біз олардың кіріс көздерін әртараптандыру есебінен оларға кедейшілік проблемасын шешуге және жергілікті қоғамдастықтардың тұрақтылығын арттыруға көмектесеміз.
Сонымен қатар жеткізушілерімізді тікелей қолдап қана қоймай, жалпы алғанда какао өсірілетін аймақтарда қоғам мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды да белсенді түрде қолдаймыз. Мәселен, 2008 жылдан бастап, компаниямыз Халықаралық какао бастамасының (International Cocoa Initiative), ал 2005 жылдан бастап, Дүниежүзілік какао қорының (World Cocoa Foundation) мүшесі болып табылады.
Сондай-ақ біз 2021 жылдың басында балалар құқықтарын қорғауға қатысу және какао өсіретін Батыс Африка аймақтарында білім беру бағдарламаларына қолдау көрсету үшін Save the Children қоғамдық ұйымының серіктестігі болдық.

біздің ингредиенттер

Сүт
Орман
жаңғақтары
Бал
Дәнді
дақылдар
Жұмыртқа
Майлар
Пальма
майы
Қант
Уыт
сығындысы
Нан
пісіретін
ашытқы
Эмульгатор
Лецитин
Қопсытқыштар
Хош
иістендіргіштер
Қоюландыр-
ғыштар
Ылғал
ұстағыш
қоспалар
Глазурьле-
гіштер
Лимон
шырыны
Кокос
Кофе
сығындысы
Йогурт
Тұз