Coffee extract header

Кофе сығындысы

Біз сублимацияланған кофені пайдаланамыз, бұл оның дәмі мен хош иісін барынша сақтауға мүмкіндік береді.

Өнім туралы

Сублимацияланған немесе фриз-драйд (ағылш. freeze dried «мұздатылған»), кофе – «мұздату арқылы кептіру» технологиясы бойынша жасалған кофе. 

Кофе дәндерін, атақты италиялық кофені дайындаған кездегідей, алдымен қуырып, ұсақтайды және ыстық сумен өңдейді. Алынған қойылтылған сусын мұздатылады, содан соң кофе сығындысының кристалдары сорғытылып, вакуумда толық кептіріледі.  Кофені өңдеудің мұндай технологиясының бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, тек фриз-драйд әдісі ғана жоғары температуралардың қолданылуын болдырмауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде кофенің дәмі мен хош иісі сияқты маңызды сипаттамаларының өзгермеуін қамтамасыз етеді. Екіншіден, мұндай кофе суда оңай ериді және, үшіншіден, оңай сақталады. 

Kinder таңдауы және сапаны бақылау

Біз Тропикалық альянс (Rainforest Alliance/UTZ) сертификаттары бар төрт елден ғана кофе сатып аламыз, олар: Бразилия, Колумбия, Коста-Рика және Доминикан Республикасы.

біздің ингредиенттер

Какао
Сүт
Орман
жаңғақтары
Бал
Дәнді
дақылдар
Жұмыртқа
Майлар
Пальма
майы
Қант
Уыт
сығындысы
Нан
пісіретін
ашытқы
Эмульгатор
Лецитин
Қопсытқыштар
Хош
иістендіргіштер
Қоюландыр-
ғыштар
Глазурьле-
гіштер
Ылғал
ұстағыш
қоспалар
Лимон
шырыны
Кокос
Йогурт
Тұз