yogurt

ЙОГУРТ

Йогурт – лактобактериялардың арнайы дақылдарымен ферменттеу арқылы сүттен алынатын нәзік кремді консистенциясы және қышқыл дәмі бар өнім.

Өнім туралы

Бүгінде әлемде кеңінен таралған бұл өнімнің шығу тегі ежелден келе жатыр. Оның алғаш қайдан пайда болғаны белгісіз. Йогурт байырғы заманнан белгілі болған деп есептеледі, адамдар теріден жасалған сабада сақталатын сүттің ферменттер мен майлардың өзара әсерінен табиғи жолмен йогуртқа айналатынын байқаған.

Әдетте йогурт сиыр сүтінен (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған немесе жартылай майсыздандырылған) дайындалады, бірақ оны ешкі, қой және енеке сүтінен де жасауға болады.

Ферменттелу барысында кейбір лактобактериялардың әсерінен (Streptococcus thermophilus және Lactobacillus delbrueckii subsp. bulgaricus) сүт құрамындағы қанттың (лактозаның) бір бөлігі сүт қышқылына айналады. Бұл кезде ақуыздар ұйитын және қою йогурт алынатын қышқыл орта түзіледі.

Грек және ішетін йогурт өндірісінде ультрасүзу және центрифугалау қолданылады. Сүзу ферменттеу нәтижесінде алынған йогурттан сарысуды бөледі және осылайша қою йогурт жасалады. 

біздің ингредиенттер

Какао
Сүт
Орман
жаңғақтары
Бал
Дәнді
дақылдар
Жұмыртқа
Майлар
Пальма
майы
Қант
Уыт
сығындысы
Нан
пісіретін
ашытқы
Эмульгатор
Лецитин
Қопсытқыштар
Хош
иістендіргіштер
Қоюландыр-
ғыштар
Глазурьле-
гіштер
Ылғал
ұстағыш
қоспалар
Лимон
шырыны
Кокос
Кофе
сығындысы
Тұз