New header malt

Уыт сығындысы

Уыт сығындысы дәнді дақылдардан, әдетте арпадан немесе бидайдан алынады. Ол нан пісіруде, сондай-ақ печенье мен торттарды пісіруде кеңінен қолданылады. Біз оны Kinder бисквиттері мен Kinder Joy кремінің түсін, хош иісін жақсарту және оларға қосымша тәттілік қосу үшін қолданамыз.

Өнім туралы

Уыт сығындысын өндіру үшін қанша уақыт қажет болатынын көзге елестетудің өзі қиын. Алдымен уытханада бес күн бойы жармаларды суға бөктіреді. Дән өніп, крахмалды қантқа айналдыра бастайды да, ол өскіндерді қоректендіреді. Содан соң жаңа өнген уытты кептіреді, ол өзіне тән ерекше түс пен хош иіске бөленеді. Бұдан кейін уытты ұн қылып тартып, ыстық сумен араластырады. Түсі тұрақты және хош иісті сұйықтықты мұқият сүзгіден өткізіп, біздің өнімдеріміздің ингредиенті болып табылатын құрғақ уыт сығындысын алу үшін ылғалсыздандырады.

Дайындау барысында алынған оның жағымды дәмі, керемет хош иісі және ерекше түсі оны әртүрлі нан-тоқаш өнімдерін дайындауда пайдалануға мүмкіндік береді. Қамыр илегенде уыт сығындысын қосса, ол біркелкі болады, ал дайын өнім үгілмелі болып шығады.

Kinder таңдауы және сапаны бақылау

Біз тек арпа уытын пайдаланып, оны аз мөлшерде Kinder Pinguì мен Kinder Joy өнімдеріне қосамыз. 

Бұл өнімнің жеткізушілері дәстүрлі технологияларды қолданатынына, шикізатты таңдауға аса жоғары жауапкершілікпен қарайтынына, ылғалдық деңгейін үздіксіз бақылауда ұстайтынына және өз ісінің нағыз шеберлері болып табылатынына көз жеткізу үшін мұқият тексеріліп таңдалады. Олардың басқа ингредиенттермен мінсіз үйлесетін хош иісті арпа уытын өндіру құпиялары біздің Kinder Pinguì бірегей дәмін жасауымызға көмектеседі.

біздің ингредиенттер

Какао
Сүт
Орман
жаңғақтары
Бал
Дәнді
дақылдар
Жұмыртқа
Майлар
Пальма
майы
Қант
Нан
пісіретін
ашытқы
Эмульгатор
Лецитин
Қопсытқыштар
Хош
иістендіргіштер
Қоюландыр-
ғыштар
Глазурьле-
гіштер
Ылғал
ұстағыш
қоспалар
Лимон
шырыны
Кокос
Кофе
сығындысы
Йогурт
Тұз