Біз сіздерге және отбасыларыңызға бояғыштар мен консерванттар қосылмаған шағын порцияларды ұсынамыз.

Жеткізушілерімізді мұқият таңдап, олармен ұзақ серіктестік орнатамыз. Бірлесіп ингредиенттеріміздің сапасын үнемі жетілдіріп отырамыз. Шикізатты іріктеп таңдау да, оны өңдеу де біз үшін маңызды. Сарапшылардан құралған командамыз сүйікті өнімдеріңіздің дәмін қамтамасыз ету үшін шикізатты өндірістің әр кезеңінде тексереді. Бүкіл дайын өнім күніне 5000 реттен артық қатаң тексерістен өтеді.

Әр порциясындағы қайталанбас дәм

Қаптама — өнімдеріміздің жаңа өндірілгендей дәмі мен хош иісін сақтаудағы басты құпиялардың бірі. Әр қаптама Kinder® сапа стандарттарына сәйкес жасалған және өнімді қоршаған орта әсерінен сенімді түрде қорғайды. Осылайша, сіз бен балаларыңыздың қолына тигенше Kinder® өнімдерін ең жақсы түрде сақтау мүмкіндігіне ие боламыз. Біз қаптаманы толыққанды ингредиент деп есептейміз, сондықтан жеткізушілер мен оның өндіру үшін пайдаланылатын материалдарды мұқият таңдаймыз.

Тағы мәлімет алу!