New header cereals

Дәнді дақылдар

Дәнді дақылдар – адам баласы ежелден азық ететін қуат көздерінің бірі. Саналуандығы, энергетикалық құндылығы және пайдалылығы арқасында дәнді дақылдар кез келген рационның ажырамас бөлігіне айналды деуге болады.

Өнім туралы

Дәндерінен ұн тартуға болатын көмірсуларға бай барлық өсімдіктерді дәнді дақылдар деп атайды. Олардың рационымыздың маңызды бөлігі болып табылатындығы соншалық, барлық ауылшаруашылық алқаптарының 60 %-ға жуығы соларға тиесілі.

Cereal 2

Дәнді дақыл қоспаларын мұқият таңдау

Дәнді дақылдар біздің көп рецепттеріміздің негізгі ингредиенттері болып табылады, сондықтан біз үшін оларды іріктеудің, өңдеудің және жеткізудің тиісінше жүзеге асырылуы өте маңызды. Біз қоспалардың пропорцияларын мұқият зерттейміз және өнімдерімізге ең күшті дәм, хош иіс беруі және қытырлап тұруы үшін әрбір дәнді дақылдың қуыру дәрежесін таңдаймыз.

Біз дәнді дақылдарды құрамдастыруға көп көңіл бөлеміз. Kinder Country құрамына арпа, күріш, бидай, спельта және қарақұмық кіреді. 
Біздің өнімдерімізге арналған ингредиенттерге келгенде бәрі, соның ішінде олардың өңделуі де маңызды. Мәселен, дәнді дақылдары бар Kinder® Chocolate құрамына кіретін үлпілдек дәнді біз арнайы осы іске маманданған италиялық жеткізушілерден аламыз. Ал оларды қуыру біздің фабрикаларымызда жүзеге асырылады, сондықтан біз олардың өзіміз қалағандай қытырлақ және хош иісті болып шығатындығын анық білеміз.  

Бидай ұнын рецептіні ескере отырып және Kinder өнімдерінің әрқайсысының бірегей дәміне қарай таңдаймыз. Kinder Pinguì құрамындағы табиғи ашытқымен ашытылатын қамыр үшін ұнның бір түрін алсақ, Kinder Paradiso, Kinder Delice және Kinder Сүтті тілім жұмсақ бисквиттеріне екінші түрі, ал Kinder Bueno және басқа да көптеген рецепттерге кіретін қытырлақ вафлилерге үшінші түрі қолайлы болады.

Дәнді дақылдарды қайдан сатып аламыз

Бидайды біз көп елдерден сатып аламыз, бұл бізге пайдаланылатын ұнның саналуандығы мен сапасын кепілдеуімізге мүмкіндік береді. Біздің өнімдерімізге арналған күріш, арпа, қарабидай және сұлы Еуропада және Ресейде, қарақұмық Қытайда, ал спельта тек Италияда өсіріледі.

біздің ингредиенттер

Какао
Сүт
Орман
жаңғақтары
Бал
Жұмыртқа
Майлар
Пальма
майы
Қант
Уыт
сығындысы
Нан
пісіретін
ашытқы
Эмульгатор
Лецитин
Қопсытқыштар
Хош
иістендіргіштер
Қоюландыр-
ғыштар
Глазурьле-
гіштер
Ылғал
ұстағыш
қоспалар
Лимон
шырыны
Кокос
Кофе
сығындысы
Йогурт
Тұз