Coffee extract header

Кофе сығындысы

Біз сублимацияланған кофені пайдаланамыз, бұл оның бүкіл дәмі мен хош иісін сақтауға мүмкіндік береді.

Өнім туралы

"Сублимацияланған, немесе фриз-драйд (ағылш. freeze dried «мұздатылған»), кофе – «мұздату арқылы кептіру» технологиясы бойынша жасалған кофе. Кофе дәндерін, атақты италиялық кофені дайындаған кездегідей, алдымен қуырып, ұсақтайды және ыстық сумен өңдейді. Алынған қойылтылған сусын мұздатылады, содан соң кофе сығындысының кристалдары сорғытылып, вакуумда толық кептіріледі. Кофені өңдеудің мұндай технологиясының бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, тек фриз-драйд әдісі ғана жоғары температуралардың қолданылуын болдырмауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде кофенің дәмі мен хош иісі сияқты маңызды сипаттамаларының өзгермеуін қамтамасыз етеді. Екіншіден, мұндай кофе суда оңай ериді және, үшіншіден, оңай сақталады.

Kinder® таңдауы және сапаны бақылау

Kinder сублимацияланған кофені өте аз мөлшерде пайдаланады. Алайда, кофенің өте шектеулі мөлшерде қолданылатындығына қарамастан, бұл оны таңдау өлшемдерінің аса қатал емес екендігін немесе біздің бұл мәселеге аз көңіл бөлетіндігімізді білдірмейді. Ең алдымен атап өтетін бір жәйт, біз Орталық және Оңтүстік Америка плантацияларында өсірілген, құрамындағы кофеиннің ең төмен деңгейімен, қанық хош иісімен және басқа сұрыптармен салыстырғанда аса ащы емес дәмімен ерекшеленетін «арабика» кофесін ғана пайдаланамыз. Бұдан басқа, біз кофені тек фриз-драйд әдісін қолданатын жеткізушілерден ғана сатып аламыз.

Біздің ингредиенттеріміз

Сүт
Какао
Орман
жаңғақтары
Бал
Дәнді
дақылдар
Жұмыртқа
Майлар
Қант
Уыт
сығындысы
Нан пісіретін
ашытқы
Қопсытқыштар
Эмульгатор
Лецитин
Хош
иістендіргіштер
Лимон
шырыны
Қоюландырғыштар
Глазурьлегіштер
Тұз