
Майлар
Майлар әрқашан тамақ дайындауда зор маңызға ие болған. Kinder® дәмдерінің таңғажайып саналуандығының құпиясы да – осы майларды пайдалануға мұқият және кәсіби тұрғыдан келуінде.
Kinder® өнімдерінің құрамына кіретін майлардың басым көпшілігі өсімдіктерден алынады. Біз пайдаланатын мал майларының жалғыз түрі – сиыр сүтінен алынған сары май. Өнімдерімізді өндіргенде біз сутектендірілген майларды қолданбаймыз.
Сутектендірілген майлар
Әйтсе де, кейбір компаниялар бірқатар себептер бойынша оларды пайдаланады. Өзінің текстурасы бойынша трансмайлар сары майға ұқсайды, олар ұзақ уақыт бойы жақсы сақталады, бұл өнімнің жарамдылық мерзімін арттыруға мүмкіндік береді және, ақыр соңында, олар кәдімгі майлардан гөрі жоғары температуралардың әсеріне тұрақты келеді.
Солай бола тұрса да, сутектендірілген майларды тұрақты пайдалануға байланысты туындауы мүмкін денсаулыққа төнуі мүмкін қауіп-қатерді болдырмау мақсатында Kinder® мұндай майларды пайдаланудан бас тартады. Сондықтан Kinder® өнімінің құрамында өнеркәсіптік жолмен алынған трансмайлар жоқ, ал сүтпен бірге табиғи жолмен өнімге түсуі мүмкін олардың іздері, мамандардың пікірі бойынша, адам ағзасына бейтарап әсер етеді.
Kinder® таңдауы және сапаны бақылау
Kinder® өнімінің дәмдері мен текстураларының саналуандығы шынында да керемет. Және бұл – біздің өнімдеріміздің тұтынушылар арасында табысқа жету құпияларының бірі. Біз әрдайым сүтте, какао мен орман жаңғағында табиғи түрде болатын майлар мен біз дербес ингредиент ретінде пайдаланатын майлардың арасында қажетті теңгерімді іздеумен боламыз. Осы теңгерімді үздіксіз іздеу – Kinder® мамандарының жұмысы. Олар салынды дәмінің неғұрлым кілегейлі болуы, ал жұмсақ майлардың қатты майлармен жақсырақ құрамдастырылуы, осылайша, бір өнімдерді үгілмелі және қытырлақ, ал енді бір өнімдерді жұмсақ, әрі нәзік етіп, майлардың әр түрлі қасиеттерін барынша жақсы үйлестіруге мүмкіндік беретін тәсілді табуға тырысады.
Осындай мұқият ойластырылған үйлесімдер бізге өзімізге қажетті дәмді алу үшін ингредиенттерді араластыру мүмкіндігін береді. Аз мөлшерде май қосып, біз ингредиенттің күшті дәмін неғұрлым бейтарап ете аламыз, осының арқасында түпкі өнімнің дәмі неғұрлым нәзік бола түседі. Бұл қажырлы жұмыстың мақсаты қарапайым – біздің өнімдерімізді ұнататын барлық адамдар аса бағалайтын текстура мен дәм үйлесіміне қол жеткізу.
Kinder мамандары өздері пайдаланатын майларды таңдаған кезде қатаң сапа стандарттарына жүгінеді.
Әрине, біздің барлық зерттеулеріміздің негізіне шикізатты мұқият іріктеу алынған. Рецептеріміз үшін майларды таңдау кезінде Kinder® мамандары аса қатал сапа стандарттарын ұстанады. Біз үшін өнімнің бүкіл жарамдылық мерзімі бойында дәм мен текстураның тұрақтылығы және қышқылдануға жоғары төзімділігі ерекше маңызды, өйткені Kinder® мамандары әзірлеген күрделі және бірегей рецептерді жасау кезінде нақ осы қасиеттер қажет болады. Какао майынан басқа, Kinder® мынадай өсімдік майларын пайдаланады:
Ши майы
Ши ағаштары, осы ағаштар өсетін аймақтарда климаттық және экономикалық сипаттағы себептер бойынша қамтамасыз ету қиынға түсетін жасанды суғаруды немесе ерекше күтімді қажет етпестен, өседі және жеміс береді. Сондай-ақ «ши белдеуінің» субсахара аймағындағы шөлейттенудің баяулауына септігін тигізетіндігін атап өткен жөн. Ши және құрлықтың осы бөлігінде сатып алынатын басқа да шикізаттар жұмыс орындары мүлдем жоқ деуге болатын, ал ауыл шаруашылығын жүргізу, мол еңбек жұмсалса да, көп өнім бермейтін аймақтарда ауыл тұрғындары үшін маңызды табыс көзі болып табылады. Қағида бойынша, өнімдерді жинауға әйелдер қатысады.
Сал ағашының майы
Сал ағашының жемістері қызғылт түстіден жасыл-сарыға дейін әр түрлі болуы мүмкін, ал жоғарғы жағы қабыршақпен жабылып, піскен кезде қоңырқай түске бөленеді. Піскен соң жемістері жерге түсіп, жергілікті тұрғындар оларды жинайды. Бұл өсімдіктер жасанды суғаруды немесе ерекше күтімді қажет етпейді.
Өнімдерді жинаған соң өңдеу процесі басталады. Ең алдымен, дәнін, яғни жеуге жарамды бөлігін жеуге жарамайтын бөлігінен – қабығынан ажыратады. Содан соң дәнді ұсақтап, майлы паста жасайды, одан сал майы алынады. Бұл ингредиент тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Мәселен, ол Kinder Delice құрамына кіреді.
Сал ағаштары әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды, өйткені өнімдерін жинауға жергілікті тұрғындар қатысады, бұл олар үшін маңызды табыс көзі болып табылады. Міне, 30 жылдан астам уақыт сал ағаштарының жемістерін жинау селолық жерлерде тұратын және қаланың лас, қараңғы түкпірлеріне көшуді қаламайтын мыңдаған адамдарды күнкөріс қаражатымен қамтамасыз етіп келеді. Осы өсімдіктер атқаратын әлеуметтік-экономикалық рольдің арқасында олармен байланысты барлық мәселелерді, соның ішінде өнім жинау мәселесін шешу Үндістан үкіметінің қатаң бақылауына алынып отыр.
Күнбағыс майы
Біз күнбағыс гүлдері деп атауға әдеттеніп кеткен нәрсе шын мәнінде сырты сары, іші сұрғылт-қара түсті, топтастырылған көп гүлден құралған гүлшоғыр болып табылады. Әр гүлшоғырда өнеркәсіп пен тамақ индустриясы үшін үлкен қызығушылық тудыратын, ішінде ақ дәндері бар, жеуге жарамсыз көн тәрізді жемісқаптан (қабықтан) тұратын мыңнан астам жемістері болуы мүмкін.
Күнбағыс тұқымдарынан қанықпаған майлы қышқылдарға, әсіресе олеин және линоль қышқылдарына бай май өндіріледі. Бұдан басқа, соңғы жылдары құрамында олеин қышқылы ерекше көп сұрыптар шығарылды, бұл осы дақылды қолдану үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Kinder® дәл осы олеин қышқылына бай майды пайдаланады, өйткені ол неғұрлым тұрақты және өткір емес, бейтарап иісінің арқасында рецептеріміздің ингредиенттері ретінде қолдануға барынша қолайлы, әрі десерттеріміздің бірегей дәмін әрдайым кепілдеуге мүмкіндік береді.
Күнбағыс майы Kinder Bueno White және Kinder Joy құрамына кіреді.