New header flavourings

Хош иістендіргіштер

Шығу тегіне қарамастан, табиғи және жасанды хош иістендіргіштерді біз өзіміздің иіс және дәм сезу мүшелеріміз арқылы қабылдаймыз, демек олар қандай да бір өнімнің бізге ұнау-ұнамауында шешуші мәнге ие болады.

Өнім туралы

Біз ерекше дәмі бар жоғары сапалы өнімдерді жасауда ұсақ-түйектің маңыздылығын жақсы түсінеміз. Рецепттерімізде хош иістендіргіштер ең аз мөлшерде болады – олар тек өнімнің дәмі мен хош иісін білдіру және бекіту үшін қажет. 

Осындай хош иістендіргіштердің бірі – ванилин, ол Kinder өнімдерінің таңдаулы әрі қайталанбас дәмін қанықтыруға көмектеседі.

Kinder таңдауы және сапаны бақылау

Хош иістендіргіштерді пайдалану Kinder-ге қасиеттері бойынша мүлдем әртүрлі ингредиенттерді құрамдастырып, араластыруға мүмкіндік береді. Дәмдер мен хош иістердің үздік үйлесімдерін жасау үшін біздің кәсіби мамандарымыздың командасы әлемдік деңгейдегі сарапшылармен бірге көптеген сынақтарды өткізіп, тынбай еңбек етеді. 

Алайда біз үшін үйлестірілген және қанықтырылған дәм мен хош иісті жасау ғана емес, сонымен қатар оларды бүкіл «өмірлік циклі» бойы сақтап қалу да маңызды. Бұл – сапа өзгеріссіз болып қалуы тиіс кезең және әр өнімде бұл мерзім өзгешеленеді. Біздің мамандарымыз үнемі өнімдеріміздің сынамаларын алып, оларды дегустациялайды, бұл дәмдердің үздік үйлесімдерін таңдау үшін ғана емес, сонымен қатар Kinder®-дің сіздерге, әлемнің қай түкпірінде болсаңыздар да, сіздер күтетін нақ сол дәм мен хош иісті сыйлайтынына көз жеткізу үшін жасалады.

біздің ингредиенттер

Какао
Сүт
Орман
жаңғақтары
Бал
Дәнді
дақылдар
Жұмыртқа
Майлар
Пальма
майы
Қант
Уыт
сығындысы
Нан
пісіретін
ашытқы
Эмульгатор
Лецитин
Қопсытқыштар
Қоюландыр-
ғыштар
Глазурьле-
гіштер
Ылғал
ұстағыш
қоспалар
Лимон
шырыны
Кокос
Кофе
сығындысы
Йогурт
Тұз