
Глазурьлегіштер
Шеллак пен гуммиарабик – десерттерді жасауда, жемістер мен басқа да өнімдерді әшекейлеуде сәндік мақсатта кеңінен қолданылатын табиғи заттар.
Өнім туралы. Kinder® таңдауы
Шеллак пен гуммиарабикті аздаған мөлшерде Kinder Choco-Bons өндіруде пайдаланады. Бұл табиғи шайырларды жинап, ұсақтайды, електен өткізеді, тазартады және ұнтақтап тартады.Біз оларды Kinder Choco-Bons кәмпиттеріне шоколадтың қолда ерімеуі үшін және кәмпиттерге әдемі жылтырлық пен тәбетті ашатын сыртқы түр беру мақсатында қосамыз. Бұл жай ғана ұсақ-түйек болғанымен, ол біз үшін өте маңызды және оны Kinder®-ді жақсы көретіндердің бәрі жоғары бағалайды.Шеллак пен гуммиарабикті тамақ өнеркәсібінде және, атап айтқанда, нан пісіру өнеркәсібінде өнімдерді әшекейлеу үшін және оларды сыртқы факторлардың әсерінен қорғау мақсатында пайдаланған және әлі де пайдаланады.