Hazelnuts header

ОРМАН ЖАҢҒАҚТАРЫ. Соңғы сәтте қуыру.

Бұл — жоғары сапалы Kinder® өнімдерінің нышанына айналған ингредиенттердің бірі. Дәмдік қасиеттері барынша сақталуы үшін дәл өндірудің алдында қуырылатын және ұсақталатын тұтас орман жаңғақтарын пайдаланамыз.

Олар өсірілетін жер.

Орман жаңғақтарының басым бөлігі Түркия мен Италиядан келеді. Тамыз және қыркүйек айларының арасындағы соңғы түсімде жиналған орман жаңғақтарын ғана сатып аламыз. Осыншалықты маңызды ингредиентіміздің барынша жоғары сапасы мен жаңа жұлынғандай дәмін жыл бойы қамтамасыз ету үшін орман жаңғақтарын өсіру географиясын кеңейттік, енді біз Оңтүстік жарты шардан, яғни Чили мен Австралиядан қосымша түсім аламыз.
Hazelnuts part 1

Орман жаңғақтарын қуыру сарапшылары: жақсартылған дәм кепілдігі

Hazelnuts Part 2
Өнімдеріміздегі орман жаңғақтарының дәмі мен хош иісі сақталуы үшін, көп жылдық жұмысымыздың нәтижесінде оларды іріктеп таңдау саласында ғана емес, өңдеу саласында да сарапшылық дәрежемізді жақсарта алдық. Тазартылған және сұрыпталған тұтас орман жаңғақтары фабрикаларымызға келіп түскенде, сапасын тексеріп, шикізаттың қатаң стандарттарымызға сәйкес келіп-келмейтінін анықтаймыз. Осыдан кейін ғана оларды қуыруға кірісеміз. Күн сайын зертханаларымыздағы сарапшылар барлық өндіру кезеңдерінде орман жаңғақтарының хош иісін, дәмін және текстурасын бағалау сынақтарын өткізеді. Өндірісімізге пайдаланылатын орман жаңғақтарының 100% көлемін өзіміз өңдеп, өзіміз қуырамыз. Міне осылайша олардың хош иісі мен жаңа жұлынғандай дәмін қамтамасыз ете аламыз. Абайлап қуырылған және ұнтақталған орман жаңғақтарын келесі өндіріс желілеріне басқа ингредиенттермен араластырудың дәл алдында жібереміз.
Hazelnuts Part 2

Ең жақсы хош иіске қол жеткізу үшін, әр кәсіпорында орман жаңғақтары алынған жерге, олардың құрамындағы ылғал деңгейіне және көлеміне қарай қуыру параметрлерін белгілейтін орман жаңғақтарын өңдеу жөніндегі бас маман бар. Төмен температуралық режим мен баяу процестерді сақтай отырып, дәмдік қасиеттерінің біртектілігін барынша қамтамасыз ету үшін бірдей өлшемдегі жаңғақтарды ғана партия түрінде қуырамыз. Мұндай процестер үшін жабдыққа қосымша инвестициялар құю қажет, бірақ біз бұны саналы түрде жасаймыз, өйткені осы әдістер өнімдерімізде пайдаланылатын жаңғақты қуырудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

100% қадағалау мүмкіндігіне қол жеткізуге тырысу.

Hazelnuts Part 2

Орман жаңғақтарының жеткізілу тізбегін қадағалай алуымыз бізге шикізатты өндірудің барлық кезеңдерін, тіпті плантацияларға дейін бақылау мүмкіндігін береді. Плантациялардың орналасқан жерін, шикізатты өсіру барысында фермерлер қолданатын әдістерді, сондай-ақ олар тап болатын негізгі проблемаларды анық білуіміз біз үшін маңызды. Осындай жүйенің арқасында фермерлік шаруашылықтарды әрі қарай дамытуға қажетті техникалық қолдау параметрлерін жақсы түсіне аламыз. Біздің мақсатымыз — 2020 жылға қарай өнімдерімізде пайдаланылатын орман жаңғақтарының жеткізілу тізбегін 100% қадағалай алу мүмкіндігіне ие болу. Бұл жеткізушілеріміздің ұлттық заңдардың, негізгі халықаралық стандарттар мен Ferrero компаниясының Іскерлік этика кодексінің талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін сертификаттау жөніндегі жетекші ұйым болған SCS компаниясымен серіктесе отырып, қадағалау жүйесін бекіттік. Түсім жинау кезіндегі хабарламай тексеру жүргізу — қолданыстағы нормаларды қадағалаудың тиімді түрлерінің бірі.

Hazelnuts Part 2

Біздің ингредиенттеріміз

Сүт
Какао
Бал
Дәнді
дақылдар
Жұмыртқа
Кофе
сығындысы
Майлар
Қант
Уыт
сығындысы
Нан пісіретін
ашытқы
Қопсытқыштар
Эмульгатор
Лецитин
Хош
иістендіргіштер
Лимон
шырыны
Қоюландырғыштар
Глазурьлегіштер
Тұз