New header malt

Уыт сығындысы

Ежелден бері дәнді дақылдардан, әдетте арпадан немесе бидайдан уыт сығындысын алу үшін ұқсас процесс қолданылып келген. Ол нан пісіруде, сондай-ақ печенье мен торттарды пісіруде кеңінен қолданылады.

Өнім туралы

Уыт сығындысын өндіру үшін қанша уақыт қажет болатындығын көзге елестетудің өзі қиын. Алдымен уытханада бес күн бойы жармаларды суға бөктіреді. Дән өніп, крахмалды қантқа айналдыра бастайды да, ол өскіндерді қоректендіреді. Содан соң жаңа өнген уытты кептіреді, ол өзіне тән ерекше түс пен хош иіске бөленеді. Бұдан кейін уытты ұн қылып тартып, ыстық сумен араластырады. Түсі тұрақты және хош иісті сұйықтықты мұқият сүзгіден өткізіп, біздің өнімдеріміздің ингредиенті болып табылатын құрғақ уыт сығындысын алу үшін ылғалсыздандырады. Дайындау барысында алынған оның жағымды дәмі, керемет хош иісі және ерекше түсі оны әр түрлі нан-тоқаш өнімдерін дайындауда пайдалануға мүмкіндік береді. Қамыр илегенде уыт сығындысын қосса, ол біркелкі болады, ал дайын өнім үгілмелі болып шығады.

Kinder® таңдауы және сапаны бақылау

Біз тек арпа уытын пайдаланып, оны аз мөлшерде Kinder Pinguì тәтті нанына қосамыз. Бұл өнімді жеткізуші ерекше тиянақтылықпен таңдалады. Біз тек Италиядағы және Германиядағы өндірушілермен жұмыс істейміз, өйткені олар дәстүрлі технологияларды қолданады, шикізатты таңдауға аса жоғары жауапкершілікпен қарайды, ылғалдылық деңгейін үздіксіз бақылауда ұстайды және өз істерінің нағыз шеберлері болып табылады. Олардың басқа ингредиенттермен мінсіз үйлесетін хош иісті арпа уытын өндіру құпиялары біздің Kinder Pinguì бірегей дәмін жасауымызға көмектеседі.

Біздің ингредиенттеріміз

Сүт
Какао
Орман
жаңғақтары
Бал
Дәнді
дақылдар
Жұмыртқа
Кофе
сығындысы
Майлар
Қант
Нан пісіретін
ашытқы
Қопсытқыштар
Эмульгатор
Лецитин
Хош
иістендіргіштер
Лимон
шырыны
Қоюландырғыштар
Глазурьлегіштер
Тұз