
ҚАНТ. Ол тағамды әрдайым дәмдірек етеді.
Kinder® өнімдерінің құрамына өзіміздің рецептімізге сай дайындалған қызылша мен құрақ қантын қосамыз.
Қантты өндіруіміздің жолы.
Қант қызылшасы мен қант құрағын жинағаннан кейін, олар жеткізушілеріміздің өңдеу кәсіпорындарына жіберіледі. Ол жерде шикізат жуылып, қант мөлшері көп қою шырынның бөліну процесін жеңілдету үшін ұсақталады. Содан соң бұл шырын сүзгіден өткізіліп, ылғалы кетуі үшін қыздырылады, осыдан кейін қою шәрбатта шағын кристалдар қалады, ал олардың көлемі мен мөлшері өнім салқындаған сайын артады. Содан соң кристалдар центрифуганың көмегімен шәрбаттан шығарылып, жуылады және кептіріледі, бұл күнделікті пайдалануға жарайтын, біз жақсы білетін қантты алуға мүмкіндік береді. Фабрикаларымызға келіп түскен қант өнімдеріміздің құрамына қосылмай тұрып, кристалдарының мөлшері мен олардың тазалық дәрежесі бойынша сынақтан өтеді.
